You are here

2014 жылдың 3 айындағы жол-көлік оқиғаларын есепке алу жағдайы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014  жылдың 3 айындағы жол-көлік оқиғаларын және одан зардап шеккен адамдарды есепке алу мәліметтеріне сәйкес, Республика бойынша барлығы  3 782 ЖКО тіркелген, ал 2013 жылдың осындай кезеңінде 3 157 ЖКО тіркелген болатын.

Осылайша, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ағымдағы кезеңде тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 19,8 %-ға артқаны байқалады.

Егер әрбір облыс бөлігінде қарайтын болсақ, онда жол-көлік оқиғаларының саны  Алматы қ. – 1 289 (762), Оңтүстік Қазақстан – 549 (447), Алматы  – 344 (269), Шығыс Қазақстан – 239 (223), Жамбыл – 220 (253),  облыстарында неғұрлым көбірек екендігі байқалады.

№1 Диаграмма

Ағымдағы жылдың 3 айында тіркелген ЖКО-ның көпшілігі келесі жағдайларда: жаяу жүргіншілерді қағып кету нәтижесінде – 1902 (2013 жылдың осындай кезеңінде–1490), көлік құралдарының соқтығысуынан – 1307 (1167), кедергіге соқтығысудан – 196 (131), аударылу салдарынан - 172 (211), жолаушының құлауынан –  99 (64), тұрған көлік құралын соғып кетуден – 53 (38), жануарларды қағып кетуден – 4 (9), велосипедшілерді басып кетуден – 9 (9), сондай-ақ басқа да оқиға түрлерінің салдарынан – 38 (25) орын алған.

Жасалған ЖКО-ларына жол қозғалысы ережелерін сақтамау, атап айтқанда жылдамдықты арттыру – 974, жаяу жүргіншілер жолдарынан өту тәртібін бұзу кезінде – 493, маневр жасау барысында – 498, қарсы қозғалыс жолына шығу – 318, жаяу жүргіншілердің жолдардың белгіленбеген бөліктерінен өтуі – 223, көлікті мас күйінде басқару салдарынан – 100, басқа да себептерден – 373 болды.

Жол-көлік оқиғаларының орын алған деңгейін бағаласақ, онда  көпшілігі елді-мекендерде жасалған – 3119 (2436), олардан 146 (185)  адам қаза тапты. Жолдарда және тас жолдарда - 663 ЖКО тіркелді, олардан 224 адам қаза тапты.

Жалпы, Республика бойынша жағдай өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендегідей көрініс табады.

ЖКО-да 383 (460) адам қаза тапты және 4 728 (4 054) адам             жараланды.

Бұл ретте, қаза болғандардың ең көп саны Алматы – 85 (72), Оңтүстік Қазақстан – 54 (80), Жамбыл – 39 (58), Шығыс Қазақстан – 35 (24), облыстарында және Алматы қаласында – 24 (18) тіркелді.

№2 Диаграмма

Осылайша, жасалған ЖКО өсуі барысында, жолдардағы кісі өлімі 16,7% төмендегені байқалады, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган тарапынан жоспарлы профилактикалық жұмыс нәтижесі  екенін және азаматтардың тарапынан тәртіптік деңгейдің өсуін айғақтайды. 

 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.