You are here

2014 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу жөніндегі баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша мемлекеттік органдарда тіркелеген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің саны (7 420 671-ден  1 862 438-ге) айтарлықтай төмендеп отыр (75%).

Мемлекеттік органдарға келіп түсетін өтініштердің азаюы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №89 Қазақстан Республикасының Заңын қабылдағаннан бастап, №1-ОЛ нысанды есепте мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер есепке алынбайтындығына байланысты болып отыр.

Өтініштердің көбі жер және жерді пайдалану (203 520 немесе келіп түсетін өтініштердің жалпы санының 11%); еңбек және халықтың жұмыспен, әлеуметтік және зейнетақымен қамтылуы (185 052 (10 %); тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету (133 234 (7 %); салық қатынастары (109 487 (6 % ); жылжымайтын мүлік (79 108  (4,2 %); жер ресурстары (72 825 (4 % ); құрылыс (49 090 (2,6 % ) мәселелері бойынша келіп түседі.

Мемлекеттік органдар саласында өтініштердің негізгі бөлігі әкімдіктерге – 916 568, әділет департаментіне – 193 785, салық органдарына – 119 496, ішкі істер органдарына – 120 502 келіп түседі.

Мемлекеттік органдар барлығы 1 650 714 өтінішті қарады. Оның ішінде 1 165 798-і немесе 71% қанағаттандырылған, 30 561 немесе 1,6% өтініш бойынша қанағаттандырудан бас тартылды, 446 786 немесе 27% бойынша түсініктеме берілді, 7 569 немесе 0,4% өтініш қысқартылды.

Азаматтардың өтініштерін қараудағы мемлекеттік органдардың жұмысының ашықтығын және оларға деген жұртшылықтың сенімін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратура «Айқын» жүйесін кезең-кезеңімен енгізіп келеді, ол жеке және заңды тұлғаларға нақты уақыт тәртібінде өзінің өтінішінің қаралуын бақылап отыруға мүмкіндік береді.

2012 жылдың 1 шілдесінен бастап «Айқын» жобасы Астана қаласында орналасқан мемлекеттік органдарда, 2013 жылдың 1 сәуірінен бастап облыстық деңгейдегі әкімдіктерде, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалалық әкімдіктер, облыстық мәслихаттар мен облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдар аппараттарында жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органға немесе әкімдікке адам өз қолымен берген әрбір өтінішке бірегей нөмірі бар талон беріледі. Өтініш беруші Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің http://service.pravstat.kz сайтына кіріп, сол нөмірді енгізіп, өтініштің  тіркелуі мен орындаушысы, қай сатыда тұрғаны және қаралау нәтижелері  туралы  толық ақпарат ала алады.

Ағымдағы жылдың 6 айында «Айқын» жобасын іске асыру аясында мемлекеттік органдардың орталық аппараттары, қалалар мен облыстар әкімдіктері, облыс маслихаттары мен облыс деңгейіндегі мемлекеттік органдардың аумақтық басқармалары жеке өзі жүгінген азаматтарға барлығы 265 075 жекеленген нөмірлері бар талон берді.

«Айқын» жобасын енгізгенен бері мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлағалардың өтініштерін қысқа мерзімде қарап беретіндігін айта кету қажет.

Мысалы, Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент азамат И.А.-ның 03.04.2014 жылғы өтінішін қарап, 04.04.2014 ж., яғни, келесі күні жауабын берді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Айқын» жобасы аудандық, тіпті ауыл аймақтары деңгейіндегі барлық мемлекеттік органдарды қамтитын болады.

Азаматтардың көпшілігі өздерінің өтініштерін пошта арқылы жолдайтындығын ескере отырып, Комитет «Қазпошта» АҚ-мен бірлесе өтініштерді тапсырыс хатпен жіберетін азаматтарға осындай талон беру туралы мәселені пысықтап жатыр.

Мәселен, азамат тапсырысты хат арқылы жібергенде оған пошта байланысы бөлімшесінде 13 таңбалы халықаралық мәні бар штрихталған бірдейленген нөмір беріледі, оның сыртқы бетінде арыздың қаралу барысын қалай бақылап отыруға болатыны жөнінде ақпарат болады.

Өтініш берушілерге ыңғайлы болуы үшін жауапты порталға салудың техникалық мүмкіндігі жасалынуда.

Өтініш беруші талон бойынша қаралу барысын біліп қана қоймайды, сондай-ақ жауап берілген кезде ресми түрде түпнұсқасын қолына алғанға дейін оны көре алатын болады.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.