You are here

2014 жылдың 1-ші тоқсанындағы мемлекеттік органдар жүзеге асырған тексерулерді тіркеу және есепке алу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша соңғы жылдардың динамикасы көрсеткендей, жүргізіліп жатқан тексерулердің, соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тағайындалған тексерулердің азайуының оң үрдісі байқалады.

Комитеттің аумақтық органдары 2014 жылдың 1-ші тоқсанында 33 374 тексеру тағайындау актісін тіркеген.

Тексеру тағайындау актісі өткен жылмен салыстырғанда 62 635-тен 33 374-ке дейін, яғни, 28 мыңнан астамға немесе 46 пайызға төмендеді.

Оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісіне тағайындалған тексеру 16 мыңға немесе 46 пайызға азайды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қолдау және олардың қызметіне заңсыз араласу тәртібін бұзғаны себепті Комитет 765 тексеру тағайындау актісін тіркеуден бас тартқан, оның 451-і (419) жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты.

Тіркеуден бас тартылғандардың басым бөлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына – 189, төтенше жағдайлар органына – 173, салық органына – 93, жер инспекциясына – 82, еңбек инспекциясына – 59, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы органына-45, ауыл шаруашылығы органына -21, ішкі істер органына – 17 тиесілі болып отыр.

Үстіміздегі жылдың аталған кезеңінде 61 заңсыз жүргізілген тексеру анықталса, оның 54-і жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 27 ақпандағы шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты тексерулерді тоқтату тәртібін орындау барысында Комитет Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін қажетті жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралары туралы» Жарлығын бірыңғай қолдануына прокурорлық қадағалаудың күшейту және мемлекеттік органдардың заңсыз және негізсіз тексерулерге жол бермеу жөнінде кешенді шаралар қабылданды.

Соның нәтижесінде мемлекеттік органдардың мораторийге қатысты барлық тексерулерін тоқтатуы қамтамасыз етілді, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметіне қатысты 10 мыңнан астам тексеру аяқталды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.