You are here

2013 жылдың 6 айы ішіндегі жол-көлік оқиғаларын есепке алудың жай-күйі туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдар туралы» Мемлекеттік статистикалық есептілікке сәйкес, ағымдағы жылдың 6 айы ішінде өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары (ЖКО) 47 пайызға (5749-дан 8462-ге) артқан.

Өткен 6 ай ішіндегі жағдайдың жалпы көрінісі төмендегідей болды.

Жол көлік оқиғаларында 10 837 адам  жарақат алса (өткен жылдың осындай кезеңінде -7 086), оның 6 080-і (3 997) ер адамдар, 4 757-і (3 089) әйелдер, бұлардың ішінде 1894-і (1 296) кәмелетке жасы жетпегендер.

Осы кезең ішінде жол-көлік оқиғасынан 1 167 адам (1 109) қаза болды, оның 828-і (814) ер адамдар, 339-ы (295) әйелдер, бұлардың 105-і (93) кәмелетке жасы толмағандар.

Жол-көлік оқиғаларында қаза болғандардың ең көбі Алматы -206 (184), Оңтүстік Қазақстан -200 (204), Жамбыл -113 (94), Қарағанды – 83 (126), Шығыс Қазақстан – 66 (72), Ақмола – 64 (44) облыстарында  және Алматы қаласында- 63 (90) тіркелген.

Ал ЖКО-да зардап шекендердің ең көбі жолаушылар - 41 %-ы немесе 4 902 (445-і қаза болған және 4 457-і жараланған), жаяу жүргіншілер -36%-ы немесе 4 266 (371-і қаза болған және 3 895-і жараланған), жүргізушілер -22%-ы және 2 687(341-і қаза болған және 2 346-сы жараланған) велосипедистер-1 пайызы немесе 146 (9-ы қаза болған және 137-і жараланған) мен жүк тасушылар-0,024 % немесе 3 адам (1-і қаза болған және 2-і жараланған).

Егер жол-көлік оқиғаларының жасалған жерін сараласақ, олардың ең көбі – 6 685 (4097) елді-мекендерде жасалып, оларда 446 (460) адам қаза тапқан.

Еліміздің елді-мекеннен тыс жолдарында 1 777 (1652) ЖКО тіркелсе, оларда 707 (649) адам қаза болған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.