You are here

2013 жылдың 6 айы ішіндегі әкімшілік практика субьектілерінің жұмысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылдың 30 шілдесі)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми статистикалық есебіне сәйкес, 2013 жылдың 6 айы ішінде 1 млн. 337 мың (2012 жылдың 6 айында – 1 млн. 302 мың) әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, бұл көрсеткіш 2,7 пайыз өсті.

 Құқық бұзушылықты ең көп тіркеген ішкі істер органдары болып отыр: құқық бұзушылықтардың 1 091 457-ін  немесе 81,6 пайызын осы орган тіркеген. Бұл былтырғы жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 0,6 пайызға артық.

Еліміздің соттары 67 мың адамды әкімшілік қамауға алу жазасына кескен (2012 жылдың 6 айында – 57 мың). 30 мыңнан астам (32 мың) құқық бұзушыларды арнайы  куәлігінен айырған, ал ел шегінен аластатылғандар саны екі есеге кеміді – 1800 (3 900).

Осы уақыт ішінде уәкілетті органдар 39 млрд. 862 млн. (31 млрд. 807 млн.) теңге сомасына 1 035 835 әкімшілік айыппұл салған (2012 жылдың 6 айында – 1 077 811), оның 16 млрд. 190 млн. (14 млрд. 236 млн.) теңгесі, яғни, 40,6 пайызы (44,8 пайыз) өндірілген.

Мемлекеттік органдар арасындағы әкімшілік айыппұлдарды өндірудің неғұрлым жоғарғы көрсеткіші ішкі істер органдарында болып отыр, олар 6 млрд. 46 млн. 207 мың теңгенің айыппұлын салған және соның 3 млрд. 680 млн. 946 мың теңгесі, яғни, 70 пайызы өндірілген.

Өндірудің төменгі көрсеткіші салық органдарында байқалады. Олар салған 3 млрд. 25 млн. 695 мың теңге айыппұлдың 521 млн. 54 мың теңгесі, яғни, 17,2 пайызы өндірілген.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.