You are here

«100 қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы Құқық қорғау органдары кадр саясатының тұжырымдамасын іске асыру туралы брифинг

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ғабит Әбдіхалықов, Бас прокуратура Кадр жұмысы департаментінің аға прокуроры

Мемлекет басшысының заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы  институттық реформалар аясында жүзеге асырылып отырған Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасының ережелерімен толықтай сәйкес келеді.

Мемлекет басшысы 2015 жылғы 29 қазанда қол қойған құқық қорғау қызметін жетілдіру мәселесі туралы заңмен кәсіби кадрлар құрамын қалыптастыру жөніндегі міндеттерге қол жеткізуге бағытталған кадрлық процестерге бірқатар жаңа тетіктер енгізілді.

Прокуратура органдарына  қызметке кіру (бірінші қадам) бүгінде төменгі тұрған лауазымнан басталады – біліктілік талаптарымен бос лауазымға орналасу үшін барлық шарттар нақты регламенттелген.

Ең алдымен барлық кадрлық процестерді ғылымға негізделген әдістермен жоспарлау мен болжауды іске асыру көзделіп отыр. Жұмсалатын қаражат пен күштерді үнемдеу мақсатында, қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу мен оларды алдын ала зерттеу конкурс жариялағанға дейін жүргізілетін болады.

Кадрларға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін Мамандықтардың тізбесіне қарай қызметкерлерге деген қажеттілік жоспарланатын болады.

Прокуратура органдарында кадрлық резервті қалыптастыруға көзқарас елеулі түрде өзгерді. Бұдай былай резерв екі жолмен қалыптасатын болады: аттестаттау нәтижесі және қызмет тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша.

Сонымен бірге резервте тұрғандар үшін ведомстволық мәліметтер қоры құрылады, бұл қорда бос тұрған басшы лауазымдар туралы және оған орналасу үшін кандидатқа қойылатын талаптар туралы нақты мәліметтер көрсетіледі.

Тағы да бір инновациялық жаңалықтардың бірі, ол бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін енгізу болып табылады (меритократия қағидасы). Ендігі жерде бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші жоғары қызметкерлер ғана қызмет бабында жоғарылайтын болады. Бұл көрсеткіш әрбір қызметкердің тиімді жұмыс жасап отырғанын көрсететін белгілі бір индикаторлар арқылы есептеп шығарылады.

Қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды жасау мақсатында және жұмыстың сапасын арттыру үшін тұрақты түрде әлеуметтік мониторинг жүргізу институты енгізілді. Жеке құраммен жұмыс істеудегі мұндай көзқарас өзінің тиімділігін көрсетті.

Бұл шаралардың барлығы екінші қадамды - құзыреттілік көзқарас негізінде іріктеу мен мапсаптық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Төртінші қадамды орындау бойынша прокуратура органдары сәл алда келе жатыр, бізге қызметке кірудің сынақ мерзімі бір жылға дейін болып белгіленген, тек сосын ғана жас маман әрі қарай аттестаттаудан өтеді, содан кейін бірінші сыныптық шенді беруге ұсынылады. 

Бұл шешім неғұрлым даярлығы күшті, әртүрлі жағдада өз бетінше жұмыс істеуге қабілетті мамандарды қызметте қалдыру мәселесіне мұқият қарауға мүмкіндік береді.

Алғаш рет жұмыс стандарты енгізілетін болады, бұл стандарттар барлық жұмыстағы процестерді реттейді және қызметкердің жұмысының нәтижелерін өлшеуге, нақтылауға мүмкіндік беретін болады, қол жеткізген жетістіктерден еңбек ақысы тәуелді болады.

Біздер мұны нәтижелеріне қарай еңбекақы төлеуге өтуді белгілейтін алтыншы қадамның ережелерін жүзеге асыру мақсатында әзірледік.

Сегізінші қадамды жүзеге асыру шеңберінде облыстық және аудандық деңгейдегі басшыларды әрбір бес жыл сайын жоспарлы түрде ротациялау жүргізіледі және ротация жасалған қызметкерге міндетті түрде тұрғын үй беру көзделеді. Бұл үшін прокуратура органдарында ведомстволық тұрғын үй қоры (103 бірлік) қалыптастырылды.

Ұлт жоспарының тоғызыншы қадамында мемлекеттік қызметшілерді кәсіби біліктілігін көтеру үшін тұрақты түрде оқыту қарастырылған. Осы тапсырманы орындау Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдарының академиясына жүктелген.

Аталған факторлардың жиынтығы кадрлармен жұмыс жасаудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді және Мемлекет басшысының қызмет бойынша жоғарылату кезінде меритократия қағидасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындауды қамтамасыз етеді.

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.