You are here

Баспасөз ақпараты

Қазақ

Қ. Қожамжаров Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы мемлекеттер бас прокурорларының отырысына қатысты

Қазақстан делегациясының Душанбе қаласына (Тәжікстан Республикасы) жасаған сапары аясында Қазақстанның Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаров Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы мемлекеттер бас прокурорларының 16-отырыс жұмысына қатысты.

Жиынға ШЫҰ мемлекеттері – Ресей, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Тәжістан, Өзбекстанның, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер мен диалог бойынша серіктестердің жоғары қадағалау органдарының басшылары жиналды.

Пікірлер саны: 0

Қ. Қожамжаров ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесіне қатысты

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаров Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) өткен ТМД қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 28-отырысына қатысты.

Үйлестіру кеңесінің алаңы – заңдылықтың жай-күйіндегі проблемаларды, қылмыстылықпен күрес және құқықтық тәртіпті күшейтудегі жаңа әдіс-тәсілдерді талқылауға тиімді.

Пікірлер саны: 0

Қ. Қожамжаров бас прокурорлармен екі жақты кездесулер өткізді

2018 жылғы 19 қыркүйек. Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Душанбе қ. (Тәжікстан Республикасы) сапары аясында Сауд Арабия Патшалығының бас прокуроры Шейх Сауд ибн Абдуллах Ал-Муаджабпен, Қытай Халық Республикасының бас прокуроры Чжан Цзюньмен, Қырғызстанның бас прокуроры Откурбек Джамшитовпен, Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмонмен, Өзбекстанның бас прокуроры Отарбек Муродовпен екі жақты кездесулер өткізді.

Пікірлер саны: 0

Еуропалық парламент депутаттарымен кездесу туралы

Бас прокуратурада Еуропалық парламенттің Адам құқықтары жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Кристиан Дан Преда бастаған Еуропалық парламент делегациясымен кездесу өткізілді.

Шетелдік меймандарға прокуратура органдарының қызметі, адамдардың құқықтары және бостандықтары саласындағы істердің жай-күйі, демократия қағидалары, сондай-ақ заңның үстемдігін қамтамасыз ету жұмыстары таныстырылды.

Пікірлер саны: 0

Бас прокуратура табиғи ресурстарды заңсыз өндіру жолдарын кесті

Бас прокуратурада өткізілген кеңес барысында жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты тексерудің қорытындылары жарияланды.

Қиыршық тас, құм, топырақ, қара топырақ және басқа кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 700-ден астам фактісі анықталды.

 Қоршаған ортаға 1,5 млрд астам теңгеге зиян келтірілді.

Пікірлер саны: 0

Құқық қорғау стандарттарын нығайту мәселелері бойынша Криминологиялық форум өтті

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасында  Криминологиялық форум ұйымдастырылды. Жыл сайын өткізілетін форумда бүгін қылмыстық қудалау саласындағы құқық қорғау стандарттарын енгізу және нығайту мәселелері талқыланды.

Оның жұмысына Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Конституциялық кеңес, ғылыми және адвокаттық қоғамдастықтың, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Пікірлер саны: 0

«Түрмедегі халық санының азаюы Қазақстанның қылмыстық сот төрелігі жүйесін жаңғыртудағы жетістігін растайды»

«Newjurist.com» халықаралық заң журналының сайтында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың «Түрмедегі халық санының азаюы Қазақстанның қылмыстық сот төрелігі жүйесін жаңғыртудағы жетістігін растайды» атты мақаласы жарияланды. 

Онда тәуелсіз Қазақстанның халықаралық стандарттарға сәйкес қылмыстық заңнаманы реформалау мен жаңарту, цифрлық технологияларды қолдану, құқық қорғау органдарының ашықтығы мен есептілігін арттыру, сондай-ақ  түрмеге қамалғандар деңгейін төмендету туралы айтылады. 

Пікірлер саны: 0

Е.Н. Татишевті өлтіруді ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы  «БТА банк» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы  Е.Н. Татишевті өлтіруді ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

2018 жылғы 17 тамызда Аблязовтың әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 28-бабының 3-бөлігі,  96-бабы 2-бөлігінің «ж,з» тармақтары бойынша сараланды.

Пікірлер саны: 0

Үрімшідегі прокурорлардың шекара кездесуі

Үрімшіде (ҚХР) Қазақстанның Бас прокуратурасы және Қытайдың Жоғарғы Халық прокуратурасы өкілдерінің кезекті шекара кездесуі өтті.

Жалпы күштермен елдер арасында өзекті мәселелер бойынша әлеуетті, құқық қорғау және арнайы қызметтердің желісі бойынша стратегиялық серіктестік қалыптасты.

Екіжақты қатынастарға жаңа импульс ШЫҰ қатысушыларының бас прокурорларының 15-ші отырысы шеңберінде Санкт-Петербургте 2017 жылғы қарашада екі елдің бас прокуратуралары қол қойған Ынтымақтастық туралы Меморандум және Шекаралас ынтымақтастық туралы келісім пайда болды.

Пікірлер саны: 0

Бас прокуратурада ГФР сарапшыларымен жұмыс кеңесі өтті

Бас прокуратурада Жоғарғы Сот судьяларының, Бас прокуратураның, құқық қорғау органдары мен арнайы органдар жеке құрамының ГФР келген сарапшылармен жұмыс кеңесі ұйымдастырылды.

Пікірлер саны: 0

Беттер


Subscribe to RSS - Баспасөз ақпараты
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.