Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 46836
    Дата: 14.10.2018 22:03:08
    Аты-жөні: Асубаева Айдана
    Сұрақ:
    Құрметті Қожамжаров Қайрат Пернешұлы, мен КазГЮУ университетінің 2 курс студенті «ақпараттық-аналитикалық жұмыс» дисциплинасынан алған үй жұмысыма байланысты, 1991 - 2000 жыл аралығында қанша ҚР азаматтары Батыс Еуропа елдерінде мемлекеттік іздестіру тізіміне енгізілгені туралы толық мәлімет беруіңізді сұраймын. Ғаламтор желілеріндегі ақпараттардың аздығынан, мен «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 7- бабының 2- тармағына сәйкес және 11- бабының 5 тармағына сәйкес жауап беруініңізді, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 8 бабына және «Ақапаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 11- бабының 10 тармағында көзделген мерзімде жауап беруіңізді сұраймын. 2018 ж 14 қазан
    Жауап күні:
    17 октября, 2018 - 12:01
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Пайдаланушының келісім шарттарын сақтамауыңызға байланысты Сіздің сұрағыңыз шешусіз қалдырылды. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын сақтай отырып, арнайы әкеліп тапсыру, поштамен жолдау немесе «Электронды үкімет» (egov.kz) порталына жіберу арқылы жолданады. «Электронды үкімет» (egov.kz) порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет.
  • Сұрақ №: 46812
    Дата: 13.10.2018 22:57:50
    Аты-жөні: Естаев Алтай
    Сұрақ:
    ҚР Бас прокуроры Қ.П.Қожамжаровқа Арызданушы: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, Алатау көшесі № 21 үй тұрғыны Естаев Алтай Нышанбаевичтен 28.02.1975 ж.т. ИИН 750228302369 ұя.тел: +7 778 111 0110 А Р Ы З Менің арыз жазу себебім төмендегіше: Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, «Жанкент» орта мектебінде жұмыс атқарамын. 2018 жылдың басында Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Айнакулов Шәкір есімді азамат жұмысына шақырды. Ол сөз арасында өзіне 600 000 (алты жүз мың) тенге ақша қаражаттың зәру керек екендігін айтып, менен қарыз сұрады. Мен өзімнің тікелей басшым болғандықтан көмек беруді жөн көрдім. Арада бірнеше күн өткен соң туыстарымнан қарыз алып, Айнакулов Шәкірдің жұмыс орнына 600 000 (алты жүз мың) тенге ақша апарып бердім. Қарыз ақшаны 1 (бір) ай ішінде құтылатындығын айтты. Өзімнің басшым болғандықтан қолхат алуға бата алмадым. Арада жарты жылдан аса уақыт өткендігіне қарамастан Айнакулов Шәкір қарызды қайтаруға асықпады. Соңғы рет, өзінің жұмыс орнына шақырып, «Сенің ақшаңның орнына жұмысыңды жоғарлатып берейін» деді. Мен ол сөзді естіген кезде осындай лауазымды тұлғаның не айтып отырғандығын түсінбей қалдым. Сөйтсем менің ақшамды қайтарғысы келмеген Айнакулов Шәкір мені өзімнің жұмыс істеп жатқан жеріме басылыққа қойатындығын айтқан екен. Мен Ш.Айнакуловтың бұл шартына келіспей қарыз ақшаны қайтаруын сұрандым. Сол күннен бастап Ш.Айнакулов менің соңыма шырақ алып түсуді бастады. Өзімнің жұмыс істеп жатқан жердегі мектеп директорын маған қарсы қойып, болмашы себептермен ұрыс шығаруды бастады. Алайда, менің жұмысыма адал екендігімді білген соң, басқа әрекеттерге көшуді жөн көрді. Амалдарынан түк шықпағана соң, 06.09.2018 жылы Тұрар Рысқұлов ауылында орналасқан базар маңына жолығуға шақырды. Ш.Айнакуловпен жолығып, сол жерде «1 сағаттан кейін Жданов ауылында орналасқан үйіме кел» деді. Ш.Айнакуловтың айтуымен мен сол уақытты туралап үйіне бардым. Үйін Ш.Айнакуловтың әйелі ашты. Мен ол кісіге күйеуі Ш.Айнакуловпен жолығуға келгендігімді айттым. «Шәкір үйге келмеді» деді. «Маған қарыз ақшаны беремін деген еді, Сізге тастап кетпеді ма?» деп сұрағанымда, артынан 20-22 жас шамасындағы жігіт себепсізден себепсіз балағаттай жөнелді. Ар намысыма тиетін сөздермен балағаттап, анамның ар намысын таптайтын сөздерге көшкен кезде, мен ашуланып, «Папаңды шақыр, мені үйіне шақырғандығы баласына боқтату ма?» дедім. Сол кезде әлгі жігіт үйіне жүгіріп кіріп, шолақ мылтық алып шықты. Мені сол жерде атып тастаймын деген соң автокөлігіме мініп қаша жөнелдім. Артымнан сарғылт келген «Lexus RX-300» автокөлігімен қуа жөнелді. Өміріме тікелей қауіп төнгенін сол кезде байқадым. Сайрам ауданы, Манкент ауылына дейін қашып келдім. Артымнан көрінбей қалған соң, жан жағыма қарай бергенім сол еді. Жаныма жақындап келіп бірнеше рет атыс қаруымен автокөлігімді атты. Қорыққанымнан автокөлігімнің жылдамдығын асыра айдап, Ақсукент ауылына келдім. Артымнан қалмастан қуып келді. Ақсукент ауылында орналасқан Сайрам АІІБ-ның қасына келген кезде барып артқа қайтарылды. Орын алған жәйт бойынша Сайрам АІІБ-на арыздандым. Арызым бойынша ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Тергеу амалдарын Сайрам АІІБ-ның тергеушісі Н.Сұлтанбаев жүргізді. Сол күні мені атыс қаруымен атқан азаматтың жеке басы анықталып, уақытша ұстауға алынды. Ол азамат 22.01.1998 жылы туылған Сейдан Есімхан Шакирұлы екен. Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ш.Айнакулотың баласы екен. Бірнеше күн өткеннен кейін Е.Ш.Сейданға кепіл зат қойылып уақытша қамаудан босатылғандығын естідім. Сайрам АІІБның тергеушісі Н.Сұлтанбаев сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын жүргізу барысына Сайрам аудандық прокуратура тарапынан қысым көріп отырғандығын ашып айтты. Тергеу бөлімінің басшысыда қылмыстық істі сотқа дейін бару бармайтындығын маған ашып айтты. Сайрам аудандық прокуратурасының прокуроры Самат Жамалбеков тікелей қылмыстық қудалау органының тергеушісіне қылмыстық істі тоқтамға алуға мәжбүрлеп отырғандығын айтып көрсетуде. Маған белгісіз себептермен Сайрам аудандық прокуратурасы менің арызым негізінде қозғалған қылмыстық істі сұратып алып осы күнге дейін қайтармай отыр. Құрметті Қайрат Пернешович! 1. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың негізінде азамат Сейдан Есімхан Шакирұлының іс-әрекеттеріне объективті баға беріп, менің арызым негізінде қозғалған ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігімен қозғалған қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 99 бабына қайта дәрежелеп, қылмыстық істі сотқа жолдауыңызды 2. Түркістан облысы ІІД-нің, Сайрам аудандық ІІБ-ның тергеушісі неліктен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстарын біржақтама жүргізіп, менің ұсынған мәліметтеріме мән бермей отырғандығын анықтауыңызд 3. Сайрам аудандық прокуратурасы тарапынан қылмыстық істің заңды тергелуіне кедергі жасалып отырғандығын тексеруіңізді СҰРАНАМЫН !!!
    Жауап күні:
    17 октября, 2018 - 10:58
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Пайдаланушының келісім шарттарын сақтамауыңызға байланысты Сіздің сұрағыңыз шешусіз қалдырылды. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын сақтай отырып, арнайы әкеліп тапсыру, поштамен жолдау немесе «Электронды үкімет» (egov.kz) порталына жіберу арқылы жолданады. «Электронды үкімет» (egov.kz) порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет.
  • Сұрақ №: 46679
    Дата: 11.10.2018 18:10:44
    Аты-жөні: Амантаева Алтынай
    Сұрақ:
    Менин бауырым 2015 жылы КК 191 бабы 2 болиги 1. 3 тармактарымен сотты болды жаза мерзими 3 жыл бас бостандыгын шектеу мерзими битти енди соттылык жойылама Кылмыстык Кодекстин 79 бабына сайкес
    Жауап күні:
    16 октября, 2018 - 16:35
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Пайдаланушының келісім шарттарын сақтамауыңызға байланысты Сіздің сұрағыңыз шешусіз қалдырылды. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын сақтай отырып, арнайы әкеліп тапсыру, поштамен жолдау немесе «Электронды үкімет» (egov.kz) порталына жіберу арқылы жолданады. «Электронды үкімет» (egov.kz) порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет.
  • Сұрақ №: 46535
    Дата: 09.10.2018 14:16:18
    Аты-жөні: Сахи Райхан
    Сұрақ:
    Мен Сахи Райхан жоғары категориялы ұстазбын,бір орнында ,бір мектепте 35 жыл балаларды география биология пәні бойынша білім нәрімен сусындатып келемін.Биыл 20 маусымда 58 жасқа толдым,өзгеріске байланысты 6 айға ұзартылғанмен 01 қаңтар 2019 жылы еңбек демалысына шығамын - деп отырмын. Сондықтан,Сіздерден сұрайтыным: 20 маусымнан кейін екі жарым ай кезекті еңбек демалысында болдым.Осы кезекті еңбек демалысында болған күнім 6 айға ұзартылған күн есебіне кіре ме?... Сонымен қатар Мектеп басшылығымен кәсіподақ арасында жасалған 16 мамыр 2017 жылы келсім шартта оқу жылын аяқтап шығу айтылған.Зейнет жасына толғанда қанша уақытқа дейін жұмыс істеуге болады.Мектеп басшылығы зейнет жасына толғаннан кейін,қай уақытта жұмыстан босатуға құқылы?...Әлде шығу жөнінде өзім жазбаша өтініш білдіргенше жұмыс жасай беруіме бола ма?!...
    Жауап күні:
    10 октября, 2018 - 14:51
    Жауап:
    Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Пайдаланушының келісім шарттарын сақтамауыңызға байланысты Сіздің сұрағыңыз шешусіз қалдырылды. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын сақтай отырып, арнайы әкеліп тапсыру, поштамен жолдау немесе «Электронды үкімет» (egov.kz) порталына жіберу арқылы жолданады. «Электронды үкімет» (egov.kz) порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет.
  • Сұрақ №: 46518
    Дата: 09.10.2018 13:46:59
    Аты-жөні: Қазиева Айна
    Сұрақ:
    Мен бала күтіміне байланысты 01 қаңтар 2019 жылға дейін,бір жасқа толғанша үйде бала күтімімен отырмын.Жолдасым уақытша жұмыссыз.03 мамыр 2018 жылы Қызылорда облысы,Қазалы аудандық соты "Қаржы орталығы " АҚ ның М.Тынышбаев университетінде ақылы негізде менің оқығандағы грант төлемімнің мерзімі өтуіне байланысты 296 455 тенге,оның ішінде мерзімі өтуіне байланысты өсімі 15 355 тенге ақша төлеуімді талап еткен талабын қарап канағаттандыры.Менің бүгінгі күнге бала күтіміне байланысты төлеуге мүмкіншілігім жоқтығын,жолдасым уақытша жұмыссыз екенін ескеріп 01 қаңтар 2019 жылдан кейін жұмысқа қосылғасын төлеуіме кеңшілік жасап көмектесуді өтінген талабымды ескермей,шешімді біржақты шығарды.Осы мәселеге келіспейтінімді төлемді 01 қаңтар 2019 жылдан кейін төлеуіме кеңшілік жасауын сұрап.Қызылорда облыстық сотына аппеляциялық шағым берсем,онда да менің бала күтімімен отырғанымды айтқанымды ескермей,жауапкердің қаржы жетіспеулігі себеп болмайды - деп,аудандық сот шешімін өзгеріссіз қалдырып,жеке сот орындаушысына берген.Жеке сот орындаушы осы ақшаның үстіне 20% пайыз қоса төлеуді талап етіп отыр,яғни 59 291 тенге.Қызылорда облыстық аппелияциялық соты шешімінде,кассациялық сотқа шағымдануға жатпайды деп,менің бала күтімімен отырғанымды ескермей біржақты шешім шығарған.Сондықтан осы мәселелер жөнінде кеңес беруіңізді өтініп сұраймын.
    Жауап күні:
    10 октября, 2018 - 11:42

Беттер