Прокурордың 100 кеңесі

Кіріспе

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕЗИДЕНТІ
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

 

«Биылғы жылы Бес институционалдық реформаны іске асыру басталды, оның бағыттарының  -  бірі құқықтық мемлекет құру.

Бұл салада прокуратура органдарының рөлі ерекше, себебі барлық басқа құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіре отырып, оларға құқықтық салада үлкен өкілеттіктер берілген. Соңғы жылдар ішінде қадағалау органы ел азаматтарының құқықтарын қорғау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Басты міндет – мемлекеттік және қоғамдық институттардың құқық қорғау әлеуетін арттыру, заңдарды тиімді қолдану және азаматтармен, шағын және орта бизнес өкілдерімен жүргізілетін күнделікті жұмыста оларды сақтау.

...Азаматтарға олардың құқықтарын, сондай-ақ елімізде қабылданатын заңдардың ережелерін қарапайым тілмен түсіндірген маңызды...»