9-кеңес. Прокуратура басшылығының жеке қабылдауына қалай кіруге болады?

Бас Прокурордың және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы алдын ала жазылу бойынша бекітілген кестеге сәйкес кемінде айына бір рет жүргізіледі.

Облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың, олардың орынбасарларының жеке қабылдауы алдын ала жазылу бойынша бекітілген кестеге сәйкес кемінде аптасына бір рет жүргізіледі.

Аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес күн сайын жүргізеді

Жеке қабылдауға жазылу өзі келу және (немесе) жазбаша арыз беру арқылы жүргізіледі. Телефон арқылы жазылу жүргізілмейді.

Прокуратура органдары басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі прокуратура органдарында көпшіліктің көзіне көрінетін жерлерде, сондай-ақ прокуратураның www.prokuror.gov.kz веб-сайттарында орналастырылған.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады