You are here

9-кеңес. Қашан және қандай бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкін?

Күдіктіге, айыпталушыға екі және одан көп бұлтартпау шаралары бір мезгілде қолданылмайды.

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы тиісті қаулы шығарылады.

Адамға қатысты бұлтартпау шарасы мынадай жағдайларда қолданылады:

  • күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынса;
  • істі объективті тергеп-тексеруге немесе оны сотта талқылауда  кедергі келтірсе;
  • қылмыстық іспен айналысуды жалғастырса;
  • үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет деп есептеуге негіздер болса. 

Заңмен жеті бұлтартпау шарасы көзделген:

  1. ешқайда кетпеу және тиісті жүріп-тұру туралықолхат;
  2. жеке кепiлгерлік;
  3. әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығыныңбақылауда ұстауы;
  4. кәмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру;
  5. кепіл;
  6. үйқамақ;
  7. күзетпен ұстау.

Бұлтартпау шарасын және атап айтқанда қандай шараны қолдану қажеттігі туралы мәселені шешу кезінде жасалған қылмыстың ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жас шамасы, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, қызмет түрі, мүліктік жағдайы, тұрғылықты тұратын жерінің болуы және басқа мән-жайлар ескерілуі тиіс.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.