You are here

9-кеңес. Еңбектің вахталық әдісі дегеніміз не

Вахталық әдіс жұмыскерлер күн сайын тұрғылықты жерлеріне қайтуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен тыс жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше түрі болып табылады.

Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшыларды, жұмыс өндірісі объектісінде болған кезеңде тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін тұрғын үймен қамтамасыз етуге және олардың тамақтануын ұйымдастыруға, жұмыс орнына дейін және кері жеткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыстарды орындау және ауысымаралық демалу үшін жағдайлар жасауға міндетті.

Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, он екі және одан да артық апта жүктілік мерзіміндегі жүкті әйелдер, медициналық қорытынды берілген күннен бастап бірінші топтағы мүгедектер вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға жіберілмейді.

Объектіде жұмыстарды орындау уақыты және ауысымаралық демалыс уақыты кіретін кезең вахта болып саналады. Вахтаның ұзақтығы он бес күнтізбелік күннен артық болмайды.

Жұмыскердің жазбаша келісімімен вахтаның ұзақтығы ұжымдық, еңбек шарттарына сәйкес отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Жұмыстың вахталық әдісі кезінде тоқсандағы немесе одан да ұзақ басқадай кезеңдегі жұмыс уақытының жинақталған есебі белгіленеді, бірақ бұл бір күнтізбелік жылдан артық болмайды.

Есептік кезең шектеріндегі жұмыс уақыты мен демалыс уақыты вахтадағы жұмыс кестесімен (вахталар кестесімен) бекітіледі. Есептік кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс берушінің орналасқан жерінен немесе жиналатын орыннан бастап жұмысқа дейінгі және кері қатынау уақыты, сондай-ақ уақыттың осы күнтізбелік бөлігіне келетін өзге де кезеңдерді қамтиды. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
4 + 7 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.