You are here

8-кеңес.Террористік акт жасау қаупі кезінде адамдар көп жиналатын жердегі тәртіп.

адамдар көп жиналатын  жерлерден аулақ болыңыз;

егер жүгіріп келе жатқан адамдардың ортасында қалсаңыз, олардың бағытымен жүре беріңіз, бірақ біртіндеп ол жерден шығуға тарысыңыз;

бойы ұзын және денесі ірі адамдардан, заттары көлемді және сөмкелері үлкен адамдардан алысырақ болуға тырысыңыз;

егер кептеліс қауіпті  сипат ала бастаса, дереу, ойланбастан кез келген жүктен, ең алдымен ұзын бауы бар сөмкеден және шарфтан арылыңыз;

егер бірдеңе түсіріп алсаңыз, ешқандай жағдайда көтеруге әрекеттенбеңіз;

кез келген тәсілмен аяқта тұруға тырысыңыз;

егер құлап қалсаңыз, мүмкіндігінше тезірек тұруға тырысыңыз.  Бұл ретте, қолыңызбен сүйенбеңіз (қолыңызды басып кетеді не сындырады). Бір сәт болса да табаныңызбен немесе аяғыңыздың ұшымен болса да тұруға тырысыңыз; 

егер тұра алмасаңыз, бүктеліп, басыңызды білегіңізбен қорғаңыз, ал желкеңізді алақаныңызбен жабыңыз;

Адамдар толы үй-жайға келген соң, экстремалды оқиға туындаған кезде қандай орындар қауіпсіз екенін алдын ала анықтаңыз (стадиондағы секторлардың арасынан өтетін жерлер, концерт залдарындағы шыны есіктер мен аралықтар, т.б.), қосалқы және авариялық шығатын есіктерге назар аударыңыз, олармен ойша жүріп өтіңіз;

дүрбелең туындаған кезде байсалдылық сақтауға және оқиғаны ақыл таразысына салып бағалауға тырысыңыз;

балаларды, қарт адамдар мен мүгедектерді алып жүрген кезде балаларды қолға көтеріп алыңыз, ал қарт адамдар мен мүгедектерді жиналған қалың топтың ішіне түсіп кетпеуге тырысып, шеткерірек алып жүріңіз (қолынан ұстап жүріңіз немесе мүгедек арбасымен сүйретіңіз).

Осындай барлық фактілер бойынша ішкі істер органдарының кезекші бөліміне (полицияға) - «102» және құтқару қызметіне - «112» телефондары арқылы хабарласу қажет. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.