You are here

8-кеңес. Жұмысқа орналасу бойынша алаяқтықтың құрбаны болмау жолдары

Жұмысқа орналасу кезінде алаяқтық түрлері өте көп, себебі бұл «әлеуетті клиенттер нарығы» әрқашан үлкен және таусылмайды.

Алаяқтардың негізгі вариациялары мынадай ұсыныстармен байланысты болады:

  • өз бизнесіңді ашу, ол әдетте оқытумен және соңында қандай да бір өнімді (ББҚ,  парфюмерия, дәрі-дәрмек, тұрмыстық техника және т.б.) кейін өткізу үшін сатып алуға мәжбүрлеумен жүреді; 
  • жұмысқа қабылдау кезінде алаяқтар хабарландыруда көрсетілмеген, бұрын уәде берген бос лауазымның орнына қандай да бір басқа бос лауазымды ұсынады;
  • егер сіз үйіңізде жұмыс істеуді жоспарласаңыз, тауар үшін көлемді кепіл енгізуді талап етеді, әдетте бұл жумыс тауар құрастырумен байланысты болады;
  • жұмысқа қабылдау кезінде ақылы тестілеу туралы;
  • еңбекақы карталарын ресімдеу, шот ашу, құжаттар дайыдау және т.б. сылтаумен алдын ала төлем енгізу; 

Бұндай фактілерді білсеңіз және олардың қалай жұмыс істейтіндігін түсінсеңіз, сізге оларға алданбау оңай болады.

Әрбір жағдайда жұмыс беруші туралы, ұсынылатын бос жұмыс орындары туралы егжей-тегжейлі тексеруге кеңес беріледі (компанияның атауы, телефондары, электрондық поштасы, мекенжайы және т.б. арқылы), біліктілік талаптары төменболса да жоғары жалақы, кепілдендірілген тұрғын үй беру және басқадай бонустар туралы уәделерге назар аудару қажет.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.