You are here

8-кеңес. Үй жұмыскерлерінің еңбегін реттеудің ерекшеліктері

Үй шаруашылығында жұмыстар орындайтын (қызметтер көрсететін) жұмыскерлер үй жұмыскерлері болып танылады

Үй жұмыскерлерін жұмысқа қабылдау немесе еңбек қатынастарын тоқтату туралы акті шығару және оның жұмысы туралы мәліметтерді жұмыс беруші еңбек кітапшасына енгізбейді.

Жұмыс берушінің шығарылатын актілері:

  • бұйрықтар;
  • өкімдер;
  • нұсқаулықтар;
  • қағидалар;
  • ережелер;
  • ауысым кестелері;
  • вахта кестелері;
  • жұмыс берушінің демалыс кестелерін жасауы.

Үй жұмыскерлерімен еңбек шартын тоқтату (бұзу) туралы жазбаша ескертулердің мерзімдері, сондай-ақ жұмыстан айырылумен байланысты өтемақы төлемінің жағдайлары мен мөлшерлері еңбек шартында белгіленеді.

Еңбекшарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Үй қызметтерін орындайтын жұмыскерлермен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 136-бабымен регламенттеледі.

Жұмыскердің, оның ішінде үй жұмыскерлерінің  құқығы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22-бабында көзделген.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.