You are here

8-кеңес. Егер сізді күдікті адам деп таныса, мынаны білуіңіз қажет

Қылмыстық істі тергеу барысында сізді күдікті деп таныған жағдайда сізге мыналарды білу қажет:

1. Мына 4 жағдайда адам күдікті деп танылады:

  • күдікті ретінде тану туралы қаулы шығару кезінде;
  • қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстау кезінде;
  • іс-әрекеттерін саралау туралы қаулы шығару кезінде (адамға қатысты қылмыс жасады деген күдікті растайтын жеткілікті дәлелдемелер бар болған кезде),
  • күдікті ретінде жауап алу кезінде.

2. Сізді ұстаған жағдайда ұстау хаттамасын жасаған кезден бастап 24 сағат ішінде сізден жауап алуы тиіс. 

3. Бірінші жауап алғанға дейін тергеуші (анықтаушы) сіз таңдаған қорғаушымен немесе органның өзі тағайындаған тегін қорғаушымен оңаша және құпия сіздің кездесуіңізді қамтамасыз етуі тиіс.

4. Егер сіз келуден жалтарсаңыз, сізге қатысты алып келу, яғни мәжбүрлеп жеткізу түріндегі шара қолданылуы мүмкін.

5. Сіздің жауаптарыңыз, оның ішінде осы жауаптардан кейін бас тарту кезінде дәлелдемелер ретінде қолданылуы мүмкін.

Бұл ретте, сіздің мынадай құқықтарыңыз бар:

 

  1. Сізге не үшінкүдік келтірілгені туралы білу.
  2. Қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушыңыз қатысып отырған кезде ғана жауап беру.
  3. Күдікті деп тану туралы, іс-әрекеттерін саралау туралы, бұлтартпау шарасын таңдау туралы, істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алу.
  4. Жауап беруден бас тарту.
  5. Өз дәлелдемелерін беру және өтінішхат мәлімдеу.
  6. Ана тілінде немесе өзі білетін тілде жауап беру.
  7. Жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысу, хаттамалармен танысу және оларға ескертулер беру.
  8. Жәбірленушімен татуласу.
  9. Қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурорға процестік келісім жасау туралы өтінішхат мәлімдеу.
  10. Прокурорға немесе сотқа тергеушінің, анықтаушының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым беру.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
3 + 1 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.