You are here

8-кеңес. Егер Сіз алимент бойынша борышкер болсаңыз

Егер Сіз алимент бойынша борышкер болсаңыз:

  • сот орындаушысына келуден жалтармауыңыз тиіс, себебі келмеу қолданыстағы заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғады;
  • орындаушылық іс материалдарымен танысуға құқығыңыз бар;
  • өндіріп алушымен татуласу және әрекет келісіміне келу тәсілін іздеуге құқылысыз;
  • оң келіссөздер жүргізілген жағдайда, нотариустың көзінше жазбаша Алименттік келісім жасасуға мүмкіндігіңіз бар.

Берешектер бойынша уақытылы төлеудің артықшылықтары:

  • балаңызды көріп тұру мүмкіндігін аласыз;
  • оның тәрбиесіне қатысасыз;
  • балаларыңыздың болашағына бірге қамданасыз – бала бақшаны, мектепті, лагерьлерді, демалысты және т.б. бірлесіп таңдайсыз.

Алимент бойынша берешекті уақытылы төлемеудің кем тұстары:

1. Үш ай ішінде жалақыдан немесе басқа кірістерден алимент төлемдерін өндіріп алу мүмкін болмағанда, сот орындаушысы орындауды қамтамасыз етудің келесі шараларын қабылдайды:

  • борышкердің мүлкін өндіріп алу (ақшаны, бағалы қағаздарды қосқанда);
  • борышкердің басқа жеке және заңды тұлғаларда тұрған жылжымалы мүлкін алып қою;
  • борышкерге белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салу (мүлікті иеліктен айыру, беру, ел аумағынан тыс жерлерге шығуға тыйым салу, бұрын берілген лицензиялардың, арнайы құқықтар мен рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру);
  • борышкерге оған меншік құқығында тиесілі мүлікті, оның ішінде ақшаны пайдалануға тыйым салу немесе оларды сот орындаушысы белгілеген шектерде пайдалануға нұсқау беру;
  • борышкердің мүлкіне сүргі салу;
  • құқық белгілейтін құжаттарды алып қою;
  • басқа адамдарға борышкерге мүлік, оның ішінде ақша беруге немесе оған қатысты басқадай әрекеттер жасауға тыйым салу шараларын қолдану;

2. Берешек сомасына тұрақсыздық төлемі есептеледі.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
2 + 6 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.