You are here

7-кеңес. Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қандай қолдау көрсетеді

1.Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте әлеуметтік көмек беру арқылы, бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетеді.

2.Бұндай отбасылар мынадай мемлекеттік жәрдемақылар ала алады:

1) бала тууға байланысты төленетін бір жолғы жәрдемақы  (бұдан әрі-бала туу жәрдемақысы);

Бала туу жәрдемақысы(айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) өзгеруін ескеріп) мынадай мөлшерде белгіленген:

бірінші, екінші, үшінші балаға – 31,41 АЕК;

төртінші және одан кейінгі балаларға – 52,35 АЕК;

2) бала 1 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы мемжәрдемақы (бұдан әрі – бала күту жәрдемақысы);

Бала күтімі жәрдемақысы мынадай мөлшерде белгіленген:

бірінші балаға – 5,76 АЕК;

екінші балаға – 6,81 АЕК;

үшінші балаға – 7,85 АЕК;

төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК;

3) 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін айы сайынғы мемжәрдемақы (бұдан әрі–бала жәрдемақысы);

Бала жәрдемақысы әрбір балаға 1,05 АЕК мөлшерінде белгіленген (01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі);

4) мүгедек бала (мүгедек балалар) тәрбилеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын ай сайынғы мемжәрдемақы.

Жәрдемақы 1,05 ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленген.

3.Бала туу немесе бала күтімі жәрдемақысын тағайындауға жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап он екі айдан аспайды.

4.Патронаттық тәрбиешілерге берген баланы (балаларды) асырауға мынадай мөлшерлерде ай сайынғы төлем жүргізіледі:

  • мектеп жасына дейінгі бір балаға тамақтану – 6 АЕК;
  • мектеп жасындағы бір балаға тамақтану – 7 АЕК;
  • бір балаға киім, аяқ киім, жұмсақ керек-жарақ – 3 АЕК. 

5. Жетім бала (жетім балалар) мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асыруға қорғаншыларға немесе қамқоршыларға төленетін төлемнің мөлшері айына 10 АЕК құрайды

6.Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты, бір жолғы ақшалай төлем төленеді, оның мөлшері 75 АЕК-ті құрайды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.