You are here

7-кеңес. Еңбек шартында мыналар қамтылуы тиіс:

1)   тараптардың деректемелері:

жұмыс беруші – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер, жеке басты куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, және берілген күні;

жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі);

жұмыс берушінің – заңды тұлғаның атауы және оның орналасқан жері, жұмыс беруші – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер, жеке басты куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, және берілген күні;

2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыстың атауы (еңбек функциясы);

3) жұмыс орындалатын жер;

4) еңбек шартының мерзімі;

5) жұмыстың басталу күні;

6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;

7) еңбекақы мөлшері мен оны төлеудің өзгедей шарттары;

8) еңбек жағдайларының сипаттамасы, егер жұмыс ауыр жұмыстар санатына жатса және (немесе) зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалса, кепілдіктер мен жеңілдіктер;

9) жұмысшының құқықтары мен міндеттері;

10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтатудың тәртібі;

12) тараптардың жауапкершілігі;

13) шарт жасасу күні мен реттік нөмірі.

Мүгедекпен жасалатын еңбек шартында олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмыс орындарын жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуы тиіс.

Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.