You are here

6-кеңес. Ұшақты террористер басып алған кезде

Маңызды:

ешқандай жағдайда үрейге бой алдырмаңыз, орныңыздан атып тұрмаңыз, креслоңызда қалыңыз;

террористермен салғыласпаңыз, олардың қару қолдануына түрткі болмаңыз, арнайы дайындық болмаған кезде өз бетіңізше террористерді зиянсыздандыруға тырыспаңыз, көршілеріңізді бұл әрекеттен сақтандырыңыз;

террористер Сізге қолдануы мүмкін кемсіту мен балағат сөздерді көтеріңіз;

жолаушылармен террористердің кімдерге тиесілі екенін талқыламаңыз;

өзіңізге назар аудартуы тиіс барлық нәрседен аулақ болыңыз;

егер жолаушылар арасында жылаған балалар немесе ыңырсыған аурулар болса, жақтырмаған түр көрсетпеңіз, сабырлы болыңыз. Кез келген негативті эмоцияның тұтануы онсыз да ушыққан жағдайды қатты шиеленістіріп жіберуі мүмкін;

террористерге сенбеңіз. Олар кез-келген нәрсені айтуы мүмкін, бірақ тек өз мүдделерін ғана көздейді;

өзіңізді лайықты ұстаңыз. Өзіңізді ғана емес, басқа жолаушыларды да ойлаңыз;

егер Сіз экипаж мүшелерінің бірі ұшақтан шығып кеткенін көрсеңіз, ешқандай жағдайда бұл фактіге басқа жолаушылардың назарын аудармаңыз. Экипаждың әрекеттерін террористер байқап қалуы мүмкін;

мүмкіндігінше егер жанама белгілер бойынша олармен келіссөздер нәтиже бермегенін ұғынсаңыз, ұшақты босату бойынша арнайы операция басталатын кезге дайын болыңыз;

егер құтқару операциясы жүргізілетін болса, террористер Сізді ұстап алмайтындай және тірі қалқан ретінде пайдаланбайтындай жағдайға енуге тырысыңыз: төмен құлаңыз немесе креслоның арқалығына жасырыныңыз, басыңыды қолыңызбен жабыңыз және Сізге көтерілуге рұқсат бермейінше сол жерде қалыңыз.

Назар аударыңыз: Қауіпсіздік күштері қозғалған кез келген адамды террорист деп ойлап қалуы мүмін.

  • ұшақтан мүмкіндігінше жылдам шығыңыз. Жеке заттарыңызды іздеу үшін бөгелмеңіз.

Тек қана дұрыс әрі сауатты әрекеттер Сіздің өміріңізді және айналаңыздағы адамдардың өмірін сақтауға көмектесетінін есте сақтаңыз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.