You are here

6-кеңес. Сіз жеке еңбек дауы бойынша арызды қандай мерзімде бере аласыз

1. Жеке еңбек дауларын татуластыру комиссиялары қарайды.

Татуластыру комиссиялары – бұл жұмыс берушілерден бастап жұмыскерлерге дейінгі өкілдердің тең санынан құралған паритеттік негіздерде ұйымдарда, олардың филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты әрекет ететін комиссиялар.

2. Жеке еңбек дауларын соттар 2 жағдайда қарайды:

  • реттелмеген мәселелер бойынша;
  • татуластыру комиссиясының шешімдері орындалмаған кезде (шағын кәсіпкерлік субъектілері мен заңды тұлға атқарушы органының басшыларын қоспағанда).

3. Жеке еңбек шарттарын қарау үшін арнайы мерзімдер белгіленген, оларды сақтамаған жағдайда өтініштер қараусыз қалдырылуы мүмкін. 

Осылайша, жұмысқа қайта орналастыру туралы дауларды қарау үшін, мынадай мерзімдер белгіленген:

  • татуластыру комиссиясында – жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі берілген күннен бастапбір ай;
  • сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша жүгінген кезде немесе еңбек шартының тарапы оның шешімін орындамаған кезде татуластыру комиссиясы шешімінің көшірмесі берілген күннен бастап екі ай.

Басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл.

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі өтінініштің мерзімі 2 жағдайда тоқтатыла тұрады:

  • қаралып отырған еңбек дауы бойынша медиация туралы шарт күшінде болған кезеңде;
  • татуластыру комиссиясы болмаған жағдайда ол құрылғанға дейін

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.