You are here

6-кеңес. Қандай жағдайларда сізді 72 сағатқа ұстауы мүмкін?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабына сәйкес, әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

Соттың санкциясынсыз ұстау жетпіс екі сағаттан аспайды.

Қылмыстық-процестік кодексте (128-бап) ұстау тек мынадай бес жағдайда ғана көзделген:

  1. егер сіз қылмыс жасау кезінде немесе оны жасағаннан кейін ұсталсаңыз;
  2. көрген адамдар (куәлар), оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаған адам ретінде сізді тура көрсеткенде не қылмыс жасау кезінде немесе оны жасағаннан кейін ұстағанда;
  3. егер сіздің киімдеріңізде немесе сіздің өзіңізде, сондай-ақ сіздің тұрғын үйіңізде қылмыстың айқын іздері табылса;
  4. егер жедел-іздестіру қызметінің және (немесе) жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарында сіз жасаған немесе жасайтын қылмыс туралы сізге қатысты анық деректер бар болса;
  5. сізді қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтіруге негіз болатын өзге де деректер бар болғанда, егер сіз жасырынуға әрекет жасағанда не тұрақты тұрғылықты жеріңіз болмаса немесе күдікті ретінде сіздің жеке басыңыз анықталмаса не сотқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберілген жағдайда, сіз ұсталуыңыз мүмкін.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Кез келген өзге азаматтың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алуға және оны қылмыстық қудалау органына немесе өзге де мемлекеттік билік органына беру не жеткізу үшін оның жүріп-тұру еркіндігін шектеуге құқығы бар(ҚПК 130-бабы).

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
4 + 13 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.