You are here

6-кеңес. Егер Сіз борышкер болсаңыз

Соттың шешімін өз еркіңізбен орындағаныңыз жөн, әйтпесе Сіз жеке сот орындаушысының қызметін де төлеуге міндетті боласыз (қарыз сомасынан 25 %).

Егер Сіз атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін қарызыңызды өтесеңіз, жеке сот орындаушының қызметін төлеуге міндетті емессіз.

Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін Сізге мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:

  1. ақшаңыз бен мүлкіңізге тыйым салу;
  2. егер Сіз 20 АЕК-тен жоғары сомаға берешек болсаңыз, Қазақстан Республикасынан  шығуға уақытша шектеу салу;
  3. 250 АЕК-тен жоғары сомаға қарыз өндірілген кезде лицензиялар, рұқсаттар мен арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу, сондай-ақ бұрын Сізге берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру;

Ұмытпаңыз!!!

Сіз тұрғылықты жеріңіз бен жұмыс орныңызды өзгертсеңіз, бұл туралы сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндеттісіз. Әйтпесе Сізге жіберілетін атқарушылық әрекеттер туралы хабарлама атқарушылық құжатта көрсетілген мекенжайға жіберілетін болады.

Сіз дауланатын әрекет жасалған (әрекетті жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе бұл туралы сізге белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беруге құқылысыз.

Мерзімді өткізіп алу соттың Сіздің шағымыңызды қанағаттандырудан бас тартуына негіз болуы мүмкін.

Атқарушылық құжатты орындамағаныңыз үшін Сіз 10 АЕК-тен 500 АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылуыңыз немесе бес тәулікке дейін қамауға алуға, не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімімен қылмыстық жауаптылыққа тартылуыңыз мүмкін.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
7 + 12 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.