You are here

6-кеңес. Ата-ана қандай жағдайларда ата-ана құқығынан айырылады

Ата-ана ата-аналық құқығынан келесі жағдайларда айырылады:

  1. ата-ана міндетін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
  2. дәлелді себептерсіз өз баласын перзентханадан (перзентхана бөлімшесінен), жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан және тағы басқа ұйымдардан алудан бас тартса;
  3. өздерінің ата-аналық құқықтарын теріс пайдаланса (мысалы, баланы оқытуға қасақана кедергілер келтірсе; балаларын қайыршылыққа немесе ұрлықшылыққа баулыса; баланы жезөкшелікпен айналысуға итермелесе; балаларды спирттік ішімдіктер немесе есірткі тұтынуға тартса);
  4. балаларына қатал қараса, оларға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық көрсетсе, оны жыныстық қылмысқа итермелесе;
  5. спирттік ішімдіктерді немесе есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және (немесе) соның аналогтарынпайдаланса.

Ата-ана өз баласының, жұбайының немесе отбасының басқа мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде, ата-аналық құқығынан айырылады.

Ата-аналық құқығынан айыру сот тәртібінде, прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық қызметімен айналысатын мекеменің қатысуымен жүргізіледі.

ОТБАСЫЛАРЫҢЫЗДЫ АЯЛАҢЫЗДАР!!!

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
1 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.