You are here

5-кеңес. Кәмелетке толмаған адамға қандай тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамдарға жаза тағайындалуы немесе оларға мәжбүрлі-тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.

Сот мынадай мәжбүрлі- тәрбиелік ықпал ету шараларын тағайындауы мүмкін:

  1. ескерту;
  2. ата-анасының немесе олардың орнын басатын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалуына беру;
  3. келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкіндігін жүктеу (бүлінген мүлікті қалпына келтіру, ұрланған мүлікті қайтару, ақшалай өтемақы төлеу, дәрі-дәрмек санаторлық-курорттық жолдамалар сатып әперу және т.б.);
  4. кәмелетке толмаған адамның демалыс уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;
  5. ерекше режимде ұсталатын білім беру ұйымына орналастыру;
  6. жәбірленушіден кешірім сұрау міндетін жүктеу (кәмелетке толмаған адам жәбірленушіге келтірілген зиян үшін өз атынан одан кешірім сұрайды);
  7. бір жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеу (уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады және сот шешімі бойынша көзделген міндеттерді орындау кіреді).

Бірнеше мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шаралары бір мезгілде тағайындалуы мүмкін.

Кәмелетке толмаған адам мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шарасын бір жыл ішінде екі және одан да көп рет қасақана орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынымы бойынша сот бұл шараның күшін жояды және егер қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі өтіп кетпесе, материалдар оны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жіберіледі.

Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күннен бастап мынадай мерзімдер өтіп кетсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады:

  1. қылмыстық теріс қылық жасағаннан кейін бір жыл;
  2. онша ауыр емес қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;
  3. ауырлығы орташа қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;
  4. ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл;
  5. аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма жыл.

Бұл ретте кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазаны өтеуден босату кезінде бұл мерзімдер жартылай қысқарады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.