You are here

5-кеңес. Егер сізге қарап-тексеру немесе тінту жүргізу үшін келсе

Егер құқық қорғау органдарының қызметкерлері сіздің тұрғын үйіңізгеқарап-тексеру немесе тінту жүргізуге ниеттенсе, өз құқықтарыңызды білуіңіз қажет.Бұл құқықтарыңыз бұзылған жағдайда сотқа немесе прокуратураға жүгіну үшін керек. 

Конституция бойынша тұрғын үйге қол сұғылмайды. Бірақ мынадай бір ескерту бар – тексеру және тінту жүргізу үшін тұрғын үйге кіруге жол беріледі, бірақ қызметкерлер сіздің тұрғын үйіңізге кіру және тексеру немесе тінту жүргізу үшін, оларда тергеу судьясының тиісті санкциясы болуы тиіс. 

Мынаны білуіңіз керек - бұл әрекеттертергеп-тексерілетін қылмыстық іс шеңберінде ғана жүргізілуі мүмкін.Сондықтан, бірінші кезекте тергеу судьясын санкция берген қарап-тексеру, тінту жүргізу  қаулысын міндетті түрде сұраңыз.

Сондай-ақ, заңда соттың рұқсатынсыз тұрғын үйді қарап-тексеру немесе тінту жүргізілуі мүмкін ерекше жағдайлар қарастырылған(№4 кеңесті қараңыз), соның ішінде егер де тұрғын жайоқиға орны болса.

Егер судьяның санкциясы болмаса және қызметкер ерекше жағдайларға сілтеме жасаса, қаулымен мұқият оқып танысыңыз. Бұл қаулыда тергеу судьясының санкциясынсыз аталған тергеу әрекеттерін жүргізудің негізі көрсетілуі тиіс. Бұл ретте, одан кейін материалдар міндетті тәртіпте бір тәулік мерзімінде прокурорға жолданады.

Прокурор, оларды дереу тексереді және заңдылықты тексеру үшін тергеу судьясына жібереді.

Егер прокурор қарап-тексеру немесе тінту заң бұзушылықтармен жүргізілгенін анықтаса, материалдар тергеу судьясына жіберілмейді және оның заңсыздығы туралы дәлелді қаулы шығарылады.

Тергеу судьясы жүргізілген қарап-тексерудің немесе тінтудің заңдылығын тексереді және оның заңдылығы немесе заңсыздығы туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалдарына қоса тіркеледі.

Біліңіз! Егер жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығы туралы шешім қабылданса, оның нәтижелерін іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберілмейді.

Есте сақтаңыз, тұрғын жайды қарап-тексеру немесе тінту кезінде онда тұратын кәмелетке толған адам (бұл мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның өкілдері), ғимарат пен ұйымның аумағында олардың әкімшіліктерінің өкілдері қатысуы керек.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
2 + 9 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.