You are here

5-кеңес. Егер Сізді кепілге алса не істеу керек

Егер сізді кепілге алса мынадай қағидаларды ұстануға кеңес береміз:

  • террористердің қару қолдануына түрткі болуы және адам шығындарына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеңіз (оқыс қозғалу немесе шуыл террористер тарапынан қатал соққыға әкеп соғуы мүмкін);
  • террористердің көзге байлауыш, ауыз кергіш, кісен немесе арқан қолдануына дайын болыңыз;
  • басыну, балағат және кемсіту әрекеттерін көтеріңіз, қылмыскерлердің көзіне қарамаңыз (ашулы адам үшін бұл агрессия белгісі), қасарысқан түр көрсетпеңіз;
  • қарсылық танытуға тырыспаңыз, бандитті қарусыздандыруға немесе шығар есікке не терезеге шығуға ұмтылып, қажетсіз батырлық көрсетпеңіз;
  • егер сізді кепілге алындыңыз деп үй-жайдан шығуға мәжбүр етсе, қарсылық танытпаңыз;
  • егер жаныңызда балалар болса, олар үшін қауіпсіз орын табыңыз, оларды кездейсоқ оқтан жасыруға тырысыңыз, мүмкіндігінше олардың жанынан алыстамаңыз;
  • қажет болған кезде қылмыскерлердің талаптарын орындаңыз, оларға қарсылық білдірмеңіз, айналадағылардың өмірі мен өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз, айғай-сүрең мен үрейге жол бермеуге тырысыңыз;
  • медициналық көмек қажет болған жағдайда, бұл туралы бандиттердің жүйкесіне тимей, сабырмен, қысқаша айтыңыз, рұқсат алмайынша ештеңе істеуге әрекеттенбеңіз;
  • «спартандық» өмір жағдайына дайын болыңыз (бейадекватты тағам және тұру жағдайлары, бейадекватты дәретхана жағдайлары);
  • денсаулығыңызда кінәрат бар болса, қажетті дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге алып шыққаныңызға көз жеткізіңіз, қарауылдарға денсаулық жағдайыңыз туралы хабарлаңыз, қажет болған кезде медициналық көмек көрсетуін немесе дәрі-дәрмек беруін сұраңыз;
  • Сізде қандай да бір құжаттардың, телефон нөмірлерін және т.б. барын түсіндіуге дайын болыңыз.

Есіңізде болсын, Сіздің мақсатыңыз–тірі қалу

  • Мұқият болыңыз, қылмыскерлердің белгілерін, бет әлпетіндегі ерекшеліктерін, киімін, аттарын, лақап аттарын, ықтимал тыртықтары мен татуировкаларын, сөздеріндегі ерекшеліктері мен мінез-құлық мәнерін және т.б. есте сақтауға тырысыңыз.
  • Есіңізде болсын, Сіздің кепілге алынғаныңыз туралы хабарлама алған арнайы қызметтер іс-қимылға кіріседі және босату үшін бар күшін салады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.