You are here

5-кеңес. Азаматтарға айыппұлдың жартысын қалай қысқартуға болады?

Айыппұл – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін берілетін ақшалай жаза. Ол айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) немесе зиян, залал сомасынан пайыз түрінде көрсетіледі.

Егер Сіз АЕК түрінде айыппұл көзделетін әкімшілік құқық бұзушылық жасасаңыз, Сіз мынаны білуге тиіссіз:

1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу бар.

2) Ол мынадай мән-жайларда:

  • құқық бұзушылық фактісін ол жасалған жерде лауазымды тұлға анықтаған кезде;
  • АЕК түрінде айыппұл көзделген құқық бұзушылық үшін;
  • Сіз өз кінәңізді мойындаған және айыппұл мөлшерімен келіскен кезде қолданылады.

3)   Егер қарсылық болмаса, онда лауазымды тұлға Сізге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін және айыппұл төлеу үшін түбіртекті беруге тиіс.

4) Сіз 7 күн ішінде айыппұлды төлеуге тиіссіз (түбіртекті берген лауазымды тұлғаға кейіннен хабарлай отырып, кез келген банк бөлімшесіне төленеді) және сол кезде іс мәні бойынша қаралған деп есептеледі (яғни іс бойынша қаулы шығармай аяқталған болып табылады);

5) Кері жағдайда, іс жалпы тәртіппен қаралады. Сізді кінәлі деп таныған кезде, айыппұлдың бүкіл сомасын төлеуге тура келеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу мынадай жағдайларда қолданылмайды:

  1. бап санкциясында өндіріп алудың өзге түрлері көзделген кезде (ҚР ӘҚБтК  41-бабында көрсетілген: ескерту, қамаққа алу, арнайы құқықтан айыру, республика аумағынан шығарып жіберу, тәркілеу, қызметті тоқтата тұру, құрылысты бұзу және т.б.);
  2. құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған жасаса;
  3. құқық бұзушылықты артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғалар (ӘҚБтК-нің 49-тарауында көрсетілген: Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе мүшелері, судьялар, Бас Прокурор, дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері) жасаса;
  4. істерін мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалса;
  5. егер әкімшілік құқық бұзушылықты сертификатталған арнайы бақылау-өлшеуіш техникалық құралдар және автоматты режимде жұмыс жасайтын құралдар тіркесе.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.