You are here

4-кеңес. «Жеке тексеру мен жеке тінтуді» қай кезде жүргізе алады?

Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде полиция қызметкері 2 куәгердің қатысуымен сіздің заттарыңызды тексере алады немесе жеке тексеруді жүргізе алады (ҚР ӘҚБтК-ның 791-бабы).

Жеке тексеру – бұл құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, құжаттарды, заттарды және әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не заты болып табылатын басқа да заттарды анықтау және алу үшін адамның денесін және оның киімдерін мәжбүрлеп тексеру.

Заттарды тексеру – бұл олардың құрылымдық бүтіндігін бұзусыз жеке тұлғада бар заттарды тексеру.

Егер сізде қару немесе қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін өзге заттар бар деген күдік келтірілсе, жеке тексеру, заттарды тексеру прокурорды 24 сағат ішінде хабарлай отырып, куәларсыз жүргізілуі мүмкін.

Қылмыстық іс бойынша куәгерлердің қатысуымен тінту, жеке тінту жүргізілуі мүмкін (ҚПК-ның 252, 255-баптары).

Тінту іс үшін маңызы бар заттар немесе құжаттарды анықтау және алу, оның ішінде тиым салуға жататын мүлікті анықтау мақсатында жүргізіледі. Сондай-ақ, тінту іздестірілетін адамды және адамның мәйітін анықтау үшін жүргізілуі мүмкін.

Жеке тінту тінтілетін адамның денесіндегі немесе денесінің ішіндегі, оның киіміндегі және заттарындағы заттар мен құжаттарды табу және алып қою мақсатында жүргізіледі.Жеке тінтуді тінтілетін адаммен бір жыныстағы адам ғана жасай алатындығын және сол жыныстағы куәгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргізілетіндігін білу қажет.

Тінту, жеке тінту тергеу судьясының санкция беруі арқылы жүргізіледі.

Тінту жүргізуді бастағанға дейін сізге қаулыны көрсетуге міндетті. Сондай-ақ, сізге іс үшін маңызы бар болуы мүмкін алуға жататын заттар мен құжаттарды өз еркімен беру ұсынылуы тиіс.

Тінту кезінде, егер иесі оларды өз еркімен ашудан бас тартса, жабық тұрған үй-жайлар мен қоймалар ашылуы мүмкін. 

Мыналар тергеу судьясының санкция беруінсіз жүргізілуі мүмкін:

  • тінту, егер іздестірілетін және (немесе) алуға жататын объекті оны анықтағаннан кейін кешеуілдеуге байланысты жоғалуы, бұзылуы немесе қылмыстық мақсаттарда пайдаланылуы не іздестірілетін адам жасырынуы мүмкін деген нақты қауіп-қатер бар болғанда;
  • жеке тінту, егер қылмыстық іс үшін маңызы бар құжаттарды немесе заттарды үй-жайды тінту кезінде сіз өзіңіз ұстап жасырып отыр деген қауіп бар болса;
  • жеке тінту, сізді ұстап, уақытша ұстау изоляторына немесе тергеу изоляторына орналастырған кезде.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
1 + 2 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.