You are here

4-кеңес. Баланы ұстап алу кезіндегі оның құқықтары

Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында:

1.Сіздің балаңыздан тек қорғаушысының, заңды өкілінің, ал қажет болған жағдайда психолог пен педагогтың көзінше ғана жауап ала алады.

2. Сіздің балаңыздан тек күндізгі уақытта ғана жауап алынуы тиіс.

3. Сіздің балаңыздан үзіліссіз жауап алу 2 сағаттан артық болмауы, бір күнде жалпы уақыт 4 сағаттан артық болмауы тиіс. Баланың шаршағаны анық білінген жағдайда, жауап алу процесі уақыт аяқталғанға дейін де тоқтатылуы мүмкін.

4. Сіздің балаңызға қатысты (егер оның куә, жәбірленуші мәртебесі болса) мыналар қолданылуы мүмкін:

  • қашықтықтан жауап алу (сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына шақырып бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланып жауап алу);
  • жауаптардысақтауға қою (кейін тағы жауап алмау және психикалық жарақат әсерін жою мақсатында тергеу судьясының жауап алуы).

5. Балаңыз күдікті болса, қорғаушы алғашқы жауап алған сәттен бастап, ал ұсталған болса - ұстап алған кезден бастап қатыстырылады.

6. Кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болатын істерде психология-психиатриялық сараптама жүргізу міндетті (өз әрекеттеріне есеп беру және іс бойынша белгіленген жағдайларда оларды басшылыққаалу қабілетін, ақыл-есі дұрыстығын, оның бойында ақыл-есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикалық бұзылушылықтың барын (жоқтығын) анықтау).

7. Тек ерекше жағдайларда ғана, атап айтқанда, сіздің балаңызға қатысты бұлтартпау шараларының басқа түрлерін қолдануға болмайтын кезде күзет қойылуы мүмкін. Қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмайды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
12 + 4 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.