You are here

4-кеңес. Азаматтық істер бойынша сот шешіміне, облыстық сот апелляциясының қаулысына қалай шағымдануға болады?

Апелляция – заңды күшіне енбеген сот актілерін облыстық соттың тексеруі жөніндегі рәсім.

Кассациялық сатыға апелляциялық тәртіп сақталған жағдайда ғана жүгінуге болады.

Істің одан арғы қозғалу мүмкіндігін шектейтін ұйғарымдарға, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына олар заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде кассациялық сатыдағы сотқа шағым келтірілуі мүмкін.

Кассациялық саты – бұл не?

Кассациялық сатыдағы өндіріс істерді қарайтын соңғы саты болып табылады.

Бұл ретте, заң шығарушы мынадай істер бойынша сот актілерін кассациялық тәртіппен шағым беру мүмкіндігін шектеді:

  • оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған;
  • талап қою арызынан бас тартуға байланысты аяқталған;
  • татуласу келісімін, дауды медиация тәртібімен  немесе  партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен байланысты (адвокаттардың көмегімен дауды шешім шығарылғанға дейін реттеу мүмкіндігі);
  • талап қою сомасы  кемінде екі мың айлық есептік көрсеткіш болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы кемінде отыз мың айлық есептік көрсеткіш болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерімен байланысты;
  • төлем қабілетсіздігін реттеу туралы, сондай-ақ оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі  шеңберінде туындайтын, соның ішінде борышкер жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттық немесе оңалтушы басқарушының талап арыздары бойынша дебиторлық берешекті өндіру туралы даулар жөніндегі істер бойынша.

Кассациялық саты дәлелді себептер болған кезде сот актілеріне шағым беру мерзімін қалпына келтіруге құқылы. Жаңа АПК-де сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағым беру мерзімдері қысқартылған.

АПК-нің 436-бабының 1-бөлігіне сәйкес өтінішхаттар, наразылықтар олар заңды күшіне енген күннен бастап алты айдың ішінде берілуі мүмкін.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.