You are here

3-кеңес.Тексеріс жүргізу барысындағы сіздің құқықтарыңыз

Сіз құқылысыз:

  • егер жүргізілетін тексеру, тексеріс нысанасына жатпаса немесе актіде көрсетілген кезеңге жатпаса, ондай мәліметтерді бермеуге;
  • лауазымды тұлғаның қызметіне кедергі келтірмей, аудио және бейнетехниканың көмегімен тексеріс процесін жазып алуға;
  • тексеріс тағайындау туралы, тексеріс нәтижелері туралы актіге, сондай-ақ тексеруші тұлғаның әрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органға не сотқа шағым беруге;
  • сіздің қызметіңізді шектейтін, тексерушілердің заңда негізделмеген тыйымдарын орындамауға (мысалы, ешқандай негізсіз қызметті тоқтата тұру туралы талап);
  • өз мүдделеріңіз бен құқықтарыңызға өкілдік ету мақсатында, тексеріс жүргізу кезінде сол жерде болуға, сондай-ақ тексеріске қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға.

Сізге тексеріс жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғалары мыналарға құқылы емес екендігін білген жөн:

  • осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрек етететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
  • егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
  • өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынақ, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердi, сынамаларды белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын көлемде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
  • тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;
  • мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен шығынды сипаттағы iс-шараларды жүргiзуге.

Тексерушілер тексеріс қорытындысын қалай ресімдеуі тиіс?

Тексерушілер 2 данада тексеру нәтижелері туралы акті жасайды, оның біреуі сізге тапсырылады. Егер ескертулер немесе наразылықтар болса, сіз оларды жазбаша түрде мазмұндай аласыз, олар актіге қоса тіркеледі.

Тексерушілердің заңсыз әрекеттерінің салдарлары:

Өрескел бұзушылықпен жүргізілген тексеріс (тізбесі Кәсіпкерлік кодексінің 156-бабының 3-тармағында келтірілген), жарамсыз деп танылады, бұл оны кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
14 + 3 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.