You are here

3-кеңес. Жер учаскесін сатып алуда алданудан қалай қорғану керек?

Жер учаскелерімен мәмілелер жасасу кезіне сатып алу-сату шартына қол қоюға және ақшаны беруге асықпаңыз.

Құжаттарды МҰҚИЯТ зерделеңіз (әкімдіктің қаулысы, мемлекеттік акт және т.б.), қажет болған жағдайда білікті заңгерлерден консультация алу үшін қосымша уақыт сұраңыз.

Мәміле жасасу кезінде сұрақтар қоюға қысылмаңыз (меншік құқығының пайда болу тарихы, ауыртпалықтар туралы және т.б.), қарсы тарап ашу шақырған жағдайда сақ болыңыз.

Тіркеу органдарынан жер учаскесіне ауыртпалықтардың бары немесе жоқтығы туралы тиісті анықтамалар алуды бірлесіп жасайық деген талап қойыңыз.

Егер Сіз өзіңізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау жоспарланған деп күдіктенсеңізнемесе сіз алаяқтардың құрбанына айналсаңыз, қылмыскерлердің белгілерін көрсете отырып, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгендігін БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ (мүлкін тәркілеп он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру).

Сондай-ақ мемлекеттік жер учаскелерін айырбастау не тікелей немесе жанама түрде жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзатын басқа да мәмілелер жасасу, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын айта кеткен жөн.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.