3-кеңес. Қысқарту кезіндегі жұмыскерлердің құқықтары

Қысқартылған жұмыскерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарынан мыналарды тегін алуға құқылы:

  • лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға көмектесу жөніндегі қызметтер, оның ішінде жұмысқа орналасуға белсенді көмек алуға;
  • Қызмет (кәсіп) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында консультациялар, кәсіби әлеуметтік бағдарлама ақпараттарын алуға;
  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасында көзделген жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін пайдалануға.

Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында: http://www.mzsr.gov.kz