You are here

3-кеңес. Қандай жағдайларда сізді құқық қорғау органына жеткізе алады?

Біле жүріңіз! Егер сіз әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасасаңыз немесе сізге оны жасады деген күдік келтірілсе ғана сізді құқық қорғау органына жеткізе алады.

     Жеткізу төмендегі жағдайларда жүзеге асырылады:

1. Әкімшілік материал бойынша келесі мақсаттарда:

  • құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін,
  • құқық бұзушының жеке басын анықтау үшін,
  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін,
  • қорғау нұсқамасын сол жерде шығаруға мүмкін болмаған жағдайда, оны шығару үшін.

Жеткізу туралы хаттама жасалады немесе әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік ұстап алу туралы хаттамаға тиісті жазба енгізіледі (ҚР ӘҚБтК 786-бабы).

2. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында:

  • қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығыңызды анықтау үшін.

Бұндай жағдайда жеткізу мерзімі үш сағаттан аспауы тиіс (ҚПК-нің 129-бабы).

Егер қылмыс жасауға қатыстылық расталса, тергеуші (анықтаушы) сізді ұстауға құқылы (ҚПК-нің  131-бабы).

Күдік расталмаған жағдайда, сізді босатуға және жеткізу туралы анықтама беруге міндетті. Бұл анықтама сізге қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне, шешімдеріне шағым беретін болсаңыз, жеткізу фактісін растау үшін, сондай-ақ талап ету орнына көрсету үшін керек болады.

Есіңізде болсын, егер сіз құқық бұзушылық жасамасаңыз және қылмыстық қудалау органына заңсыз жеткізілдім деп санасаңыз, заңсыз іс-әрекеттерге шағым беруге толық құқығыңыз бар. 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

Сізге күш қолдану немесе моральдық қысым көрсету шараларын қолдануға, сізді немесе сіздің жақындарыңызды ұрып-соғуға, қорқытуға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл заңмен жазаланады

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
11 + 2 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.