You are here

3-кеңес. Егер Сіз күдікті зат тауып алсаңыз.

Ең алдымен:

  • жақын бармаңыз;
  • затты оқшау ұстауға және/немесе бөтен адамдардың затқа жақындауына жол бермеуге тырысыңыз;
  • қауіпсіз қашықтықтан затты анықтап қараңыз, сыртында көрінетін антенна сымдар немесе ұялы телефонға қосылған тоқ көздерінің бар-жоғын анықтаңыз;
  • қауіпсіз қашықтықтан заттан сағат механизмінің дыбысы шығып тұр ма, соған құлақ түріңіз және басқа да шуылдар, химиялық заттардың иістері шығып тұр ма, соны анықтаңыз;
  • қасыңыздағы адамдардан оны кім тастауы мүмкін екендігін сұраңыз, заттың (сөмкенің және т.б.)тиесілігін анықтауға тырысыңыз;
  • егер қожайыны анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз  («102» - ішкі істер органдарының кезекші бөліміне (полицияға) және «112» - құтқару қызметіне);
  • жақын маңда болған және Сізге күдікті болып көрінген адамдардың сырт келбетін есте сақтауға тырысыңыз;
  • құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгеннен кейін зат табылған уақыт пен ықтимал күдікті адамдар туралы ақпаратты хабарлаңыз.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

  • затты ашуға, орнынан жылжытуға, көтеруге, ауыстыруға;
  • қолға алуға;
  • затты қалтаға, портфельге, сөмкеге және т.б. салуға;
  • жерге көмуге немесе суға тастауға;
  • затқа жалғанған сымды үзуге немесе тартуға, оны залалсыздандыруға тырысу әрекеттерін жасауға;
  • табылған таныс емес заттарды пайдалануға;
  • затқа жақын тұрған жерде радио және электр аппаратураларын, ұялы телефондарды пайдалануға. 

Бір мезгілде күдікті зат туралы:

  • Ішкі істер органы шұғыл қызметінің телефоны – 102;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «сенім телефоны» – 110немесе 8 (7172) 24 02 90;
  • республикалық сенім телефоны– 114 арқылы хабарлаңыз

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
7 + 13 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.