You are here

3-кеңес. Егер Сіз азаматтық іс бойынша тарап болып табылсаңыз

Азаматтық іс – азаматтық, отбасылық, еңбек, жер немесе өзге де құқықтан туындайтын және бұл үшін белгіленген рәсімге сәйкес құзырлы органның қарауы мен шешуін талап ететін құқықтық мәселе.

Сіз – талапкер:

  1. Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауға тиіссіз.
  2. Сот алдында талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану туралы өтінішхат беруге құқылысыз.
  3. Талап қою мерзімін сақтауға тиіссіз (жалпы – 3 жыл).
  4. Барлық процестік құқықтарды пайдалануға, соның ішінде сотқа жеке өзі немесе өкілі арқылы қатысуға, іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысатын басқа да тұлғаларға сұрақтар қоюға; сотқа түсініктемелер беруге құқылысыз (АПК-нің 46-бабы);
  5. Жауапкер келіскен жағдайда істі бейбіт аяқтауға, дауды медиация тәртібімен реттеуге, талап қою арызын қараусыз қалдыру туралы мәлімдеуге, сондай-ақ талап қоюдан  бас тартуға не оны өзгертуге құқылысыз.
  6. Сот шешіміне, ұйғарымына және қаулысына жоғары тұрған соттарға шағым келтіруге құқылысыз. 

Сіз – жауапкер:

  1. Келіп түскен талап қою арызын зерттеуге құқыңыз бар;
  2. Жазбаша қарсылық (қарсы пікір) жазуға немесе дауды сотта не медиация тәртібімен реттеуге құқылысыз;
    Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін барлық сот сатыларында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш мәлімдеуге құқылы.
  3. Сот шешіміне, ұйғарымына және қаулысына жоғары тұрған соттарға шағым келтіруге құқылысыз.

Сот отырысына келмеген тараптарға және іске қатысушы басқа да адамдарға шешімнің көшірмесі шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап 5 күннен кешіктірілмей жіберіледі немесе беріледі.

АПК-ге сәйкес сот жүйесінде үш саты бар: бірінші, апелляциялық және кассациялық.

Бірінші сатыдағы соттың қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда, апелляциялық шағым дауланып отырған актіні шығарған сотқа оны шығарған күннен бастап бір айдың ішінде іске қатысушы адамдардың саны бойынша көшірмелермен беріледі.

Апелляциялық шағым бергені үшін мемлекеттік баж алынбайды.

Сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат тікелей Жоғарғы Сотқа акт заңды күшіне енген күннен бастап 6 айдың ішінде беріледі.

Мемлекеттік баж мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар жөніндегі өтінішхаттардан осындай даулар бойынша талап қою арызы берілген кезде СК-нің 535-бабында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінен 50 пайыз мөлшерінде алынады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.