You are here

3-кеңес. Егер некеге отыруға мәжбүрлесе және күштеп ұрлап әкетсе не істеу керек

1. Қалыңдықты алып қашу - ұлттық дәстүр мен салт па, жоқ әлде қылмыстықжазаланатын әрекет пе, оны анықтаудың басты белгісі –  қыздыңөз еркімен келісім беруі және алып қашушылардың осындай келісімнің барын түсінуі.

Басқаша айтқанда, егер қыздың еркінен тыс, алдын ала келісімсіз, оны күштеп ұстап, басқа жерге апарса, сондай-ақ алып қашушылар осы мән-жайды ұғынса –аса ауыр қылмыс жасалды деп есептеледі.

Қылмыстық кодексте «Адамды ұрлау» 125-бап және бұл үшін 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасықарастырылған. Кәмелетке толмаған адамды ұрлап әкеткені үшін – мүлкін тәркілеп 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Бұл қылмыс үшін ең жоғарғы жаза – мүлкін тәркілеп 15 жылға бас бостандығынан айыру (оның ішінде қылмыстық топ болып жасағаны үшін; егер абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе басқадай ауыр зардаптарға әкеп соқса; ұрлап әкеткен адамды қанау мақсатында жасалса).

2. Егер сіз ұрлап әкетудің құрбаны болсаңыз немесе сіздің көзіңізше осындай оқиға орын алса, шұғыл полицияға хабарлаңыз (102 телефоны арқылы–қалалық немесе мобильді телефоннан немесе тікелей кезекші бөлімге, полиция тірек бекетіне, жол-патрульдік полиция жасағына).

Мүмкіндігінше, полицияға ерекше белгілерді хабарлаңыз (автокөліктің маркасын, нөмірін, ұрлап әкетушілердің белгілерін).

3. Бұл туралы ұрланған адам ғана емес, сонымен қатар алып қашудың куәсі болған немесе адам ұрланды деп болжаған кез келген адам хабарлай алады.

Жоғарыда аталған бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жәбірленушінің жазбаша арызы болмаса да басталады.

4. Егер адам өз еркімен ұрланған қызды босатса және оның әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болмаса, онда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Кінәлі адам жәбірленушіні одан әрі де ұстауға мүмкіндігі болып, бірақ оған бостандық берген жағдайлар өз еркімен босату деп танылады.

5. Айта кету керек, Қазақстанда неке жасы 18 жастан бастап белгіленген. Жекелеген жағдайларда некеге отыратын адамдардың өтінішхаттары, келісімі, сондай-ақ ата-аналарының (қамқоршыларының) келісімі болған кезде неке жасын төмендетуге рұқсат беріледі (бірақ 16 жастан төмен болмайды).

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
5 + 1 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.