You are here

20-кеңес. Полиция қызметкерлері қай кезде күш қолдануға құқылы?

Полиция қызметкерлері:

1) жеке тұлғаларға, қызметкерлерге қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдар бойынша қызметтік немесе қоғамдық борышын орындайтын өзге де тұлғаларға жасалған шабуылды тойтару;

2) тұтқындарды босату, жаппай тәртіпсіздіктің және қоғамдық тәртіпті топтық бұзушылардың, сондай-ақ түзеу мекемелерінен және тергеу изоляторларынан сотталғандар, күдіктілер және айыптаушылар қашу және ұстау кезінде құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу;

3) жеке тұлғаларға, ұйымдарға және мемлекеттік органдарға тиесілі ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, көлік құралдарына, жер учаскелеріне жасалған шабуылдарды тойтару, сол сияқты оларды басып алудан босату үшін;

4) егер олар қызметкерлерге бағынбаған немесе қарсылық көрсеткен не олар қашып кетуі мүмкін немесе айналадағыларға немесе өзіне және басқаларға зиян келтіруі мүмкін деп санауға жеткілікті негіздер болған жағдайлар болса,құқық бұзушыларды, сондай-ақ әкімшілік қамауға алуға жататын адамдарды, сотталғандарды, күдіктілерді және айыпталушыларды ұстау;

5) оған және (немесе) оның денсаулығына немесе өміріне ауыр зиян келтірудің нақты қауіп-қатері болған кезде қызметкер өзін немесе оның отбасы мүшелерін қорғау мақсатында шабуылды тойтару;

6) аса қажет болған жағдайда қажетті қорғану;

7) құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ егер хаттама жасау міндетті болып табылса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау не әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жерде оларды жасау мүмкін емес кезінде құқық бұзушыларды жеткізу үшін қол күшін, оның ішінде күрес тәсілін, сондай-ақ арнайы құралдарды қолдануға құқылы.

Қалған жағдайларда полиция қызметкерінің күш қолдануы сіздің құқықтарыңызды бұзу ретінде сараланатын болады!   

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер сіз күштік операциялар жүргізудің куәсі болсаңыз, өзіңізді байсалды ұстауға, құқық қорғау органдарына кедергі жасамауға, оқиға орнынан кетуге, балаларды алып кетуге, қызметкерлер беретін барлық пәрмендерді орындауға тырысыңыз.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.