2-кеңес. Жер учаскесін ресімдеу кезінде алданбау үшін не істеу керек?

Сізге әкімдік арқылыжер учаскесін алуға көмек көрсету ұсынысымен бейтаныс адамдар жүгінді делік.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫНБұндай схема бойынша алаяқтар жұмыс істейді!

Бұл ұсынысқа КЕЛІСІМ БЕРМЕҢІЗ, себебі жер учаскесін белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы орган береді немесе сауда-саттықтар (конкурстар, аукциондар) өткізу арқылы сатылады.

БІЛІҢІЗ! Жер учаскесін жергілікті атқарушы орган мынадай тәртіпте береді:

  • жер учаскесіне құқық беру туралы арыз беру;
  • жер учаскесін алдын ала таңдау;
  • комиссияның оң қорытындысы;
  • жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;
  • әкімдіктің/әкімнің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдауы;
  • сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз)жер пайдалану шартын жасасу;
  • жердегі учаскесінің шекараларын белгілеу;
  • жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру (мемлекеттік акт);
  • әділет органдарында жер учаскесіне құқықты тіркеу.

Сауда-саттықты (аукциондар мен конкурстарды)тек әкімдік немесе мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАЖЕТ!

Жылжымайтын мүлікке құқық мемлекеттік тіркеу кезінен бастап пайда болады, өзгертіледі және тоқтатылады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады