You are here

2-кеңес. Егер сізге тексеріспен келсе

Тексерістер тағайындау және жүргізу мәселелері Кәсіпкерлік кодекстің 2-параграфында регламенттелген. 

Тексерістер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерістер(адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындалатын тексеру);
  • ішінара (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындалатын тексеріс);
  • жоспардан тыс (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты тексерілетін субъектіге қатысты, тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындалатын тексеріс(жоспардан тыс тексеріс негіздемелерінің тізбесі Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген).

Көлемі бойынша тексерістер кешенді және тақырыптық болып бөлінеді.

Тексеріс қаншалықты ұзаққа созылады?

Тексеріс 30 жұмыс күнінен аспауы керек (Салық кодексінің 629 бабындаға уақыт регламентімен көрсетілген салықтық тексерістен басқа жағдайда).

Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізілуі керек, сонымен қатар қосымша тексеріс көлемін қажет ететін жағдайларда,салықтық тексеріс жүргізілетін жеке жағдайларды қоспағанда,тексеріс жүргізу уақыты бақылау және қадағалау органының башысымен (немесе оны алмастыратын тұлғамен) 30 жұмыс күнінен аспайтын уақытқа тек бір мәрте ұзартылуы мүмкін.

Сіз білуге тиіссіз:

1. Тексеруші мыналарды көрсетуі тиіс:

  • Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің сіздің облыстағы (қаладағы) Басқармасында тіркеу туралы мөртабан басылған тексеріс тағайындау туралы актісін;
  • қызметтік куәлігін;
  • тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып тексеру парағын.

 2. Сіз тексерістің заңдылығын http://service.pravstat.kz/ мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Сіздің бизнесті тексерудің заңдылығы» бөліміне жүгіну арқылы тексере аласыз.

3. Тексеріс тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексеруші тұлғалар тексеріс жүргізуге құқылы емес.    

4. Тексеріс жүргізудің басталуы болып тексеріс тағайындау туралы акті тапсырылған күн есептеледі.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
2 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.