You are here

2-кеңес. Егер балаңыз жоғалып кетсе

1. Сабыр сақтаңыз. Үрейге бой алдырсаңыз,баланы табуға мүмкіндік беретін маңыздысәттерді абдырап, ұмытып қалуыңыз мүмкін. Жоғалған баланы іздестіру барысында кез-келген мәлімет маңызды. 

2. Аумақтық ішкі істер органына балаңыздың жоғалғаны туралы арыз түсіріңіз. Өзіңізбен бірге жоғалған баланың сыртқы келбеті туралы неғұрлым көп мағлұмат беретін соңғы түскен суреті менқұжатын алып барыңыз. 

3. Полиция қызметкеріне жоғалған бала туралы барлық ақпаратты айтыңыз. Сұрақтар орынсыз болып көрінсе де, барлық сұрақтарға байсалды жауап беріңіз. Есіңізде болсын, іздеу шарасы нәтижелі болуы үшін, дәл осы бастапқы ақпараттың маңызы зор. 

4. Полиция қызметкерлерінен балаңыздың күдікті достары, жаман әдеттері, сондай-ақ оныңүйдегі немесе мектептегі жанжалдары туралы ақпаратты жасырмаңыз.

5. Балаңыздың жоспары туралы білуі мүмкін-ау деген барлық достарына, таныстары мен жақындарына, сынып жетекшісіне қоңырау шалып көріңіз. Ол баруы мүмкін достары мен туыстарының үйлерін өзіңіз аралап шығыңыз. Достарынан балаңыздың ниеттері мен жоспарлары туралы сұрап шығыңыз. Бірден хронологиялық тәртіпте сіздің балаңызды кім, қай жерде және қашан соңғы рет көргенін жазып алыңыз. Кейін бұл мәліметтер полицияға баланың жүрген жерін анықтауға көмектеседі.  

6. Балаңыз үйден алып кетуі мүмкін ақша, бағалы заттар немесе басқа да заттар жоғалған жоқ па екен, соны тексеріңіз. 

7. Балаңызды соңғы рет қай жерде көргенін анықтауға тырысыңыз, кәмелетке толмағандар жиналатын және демалатын жерлерді, саябақты, спорт және балалар алаңдарын, үйңіздің маңындағы гараждарды қарап шығыңыз. 

8. Егер қараусыз жүрген жас баланы көрген куәгер табылса, міндетті түрде оның деректерін, үй мекенжайы мен байланыс телефондарын жазып алыңыз. 

9. Жедел жәрдемнің анықтама бөліміне, ауруханалардың қабылдау бөлімшелеріне қоңырау шалыңыз және олардан іздеудегі баланың түскен-түспегенін нақтылап сұрап алыңыз. Жоғалып кеткен баланың ерекше белгілері туралы барынша дәлдікпен айтыңыз және оның киімін суреттеңіз. 

10. Полиция қызметкерлерінен консультация алғаннан кейін міндетті түрде интернетте немесе басқа бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілерде жоғалған бала туралы ақпарат жариялаңыз.

11. Бала оралуы мүмкін жерлерде ересек адамдардың болатынына көз жеткізіңіз. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.