You are here

19-кеңес. Егер адам жоғалса

Уайымдамаңыз, көптеген жағдайларда жоғалған адамдар табылып жатады!

Жоғалған адамды соңғы кездері көрген (ол туралы естіген), оның жоспарлары, қозғалу бағдары және т.б. туралы білетін барлық адамдардан (достары, әріптестері, көршілері, таныстары, туысқандары) сұрастыру (қоңырау шалып хабарласу) қажет.

Барлық алынған мәліметтерді хронологиялық тәртіпте жазу қажет.

Жоғалған адам соңғы кездері болған, не болуы мүмкін тұрғылықты жердің, дүкендердің, банктердің және т.б. бейне бақылау камераларының жазбаларын мүмкіндігінше қарап шығу.

Әлеуметтік желілер, БАҚ арқылы адамның жоғалғаны туралы өтінішпен (фотосуретімен) жүгіну,үйлерде, көшелерде және т.б. жерлерде хабарландырулар ілу.

Іздестіру, оның ішінде жергілікті жерлерді «сүзіп шығу» үшін  барлық таныстарды, туыстарды, еріктілерді тарту қажет.

Сонымен қатар полицияға жүгіну керек. 

Кезекші жоғалған кезден және жоғалған жерінен бастап қанша уақыт өткеніне қарамастан, өтінішті қабылдауға міндетті.

Өтініш Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде дереу тіркеледі, содан кейін жоғалған адамның тұратын мекенжайы бойынша жедел тергеу тобына жіберіледі.

Полиция жоғалған адамның тұрғын үйін және жеке заттарын тексереді, одан әрі сәйкестендіру үшін оның саусақтарының іздерін алады, отбасы мүшелерімен және көршілерімен әңгімелеседі.

Іздестіру ісі қозғалады, оның шеңберінде жоғалған адамды іздестіру жүргізіледі 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
1 + 3 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.