You are here

18-кеңес. Қылмыстық істер бойынша қандай жаза тағайындалуы мүмкін?

Білу қажет! ЖАЗА:

  • қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың үкімі бойынша ғана тағайындалады; тән азабын келтірмеуі немесе адамның ар-намысын қорламауы тиіс;
  • әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру;
  • сотталған адамды түзеу;
  • құқық бұзушылық жасаудың алдын алумақсатында қолданылады.

ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ:

Айыппұл  – мөлшерін сот белгілейтін ақшалай өндіру (теріс қылық үшін  - 25-тен 500-ге дейін АЕК, қылмыс үшін – 500-ден 10 мыңға дейінАЕК, ал пара алушылық кезінде пара сомасының 10-нан 80-ге дейін еселенген мөлшерде).

Түзеу жұмыстары – жалақыдан айыппұлды шегере отырып, жұмыс орны бойынша еңбекке тарту(ай сайын жалақының 20-дан 40-қа дейін пайызы).

Қоғамдық жұмыстарға тарту – тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау (60-тан 300-ге дейін сағатқа, бірақ аптасына 40 сағаттан аспайтын мерзімге)

Бас бостандығын шектеу – қоғамнан оқшаулаусыз тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылау белгілеу (1 жылдан 7 жылға дейін мерзімге).

Қамауға алу – қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау (30-дан 90 тәулікке дейін мерзімге). 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін болады.

Бас бостандығынан айыру – қоныс-колонияларында, түзеу колонияларында (жалпы, қатаң, айрықша режимдегі), кәмелетке толмағандарға арналған тәрбиелеу колонияларында (жалпы және күшейтілген режимдегі) немесе түрмеде қоғамнан оқшаулау(6 айдан 15 жылға дейін, аса ауыр қылмыс үшін – 20 жылға дейін немесе өмір бойғы мерзімге);

Өлім жазасы – адамдардың өлімімен ұштасқан терроризм және әскери кезеңдегі аса ауыр қылмыс жасағаны үшін (17.12.03 ж. бастап мораторий енгізілуіне байланысты,өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады).

ҚОСЫМША ТҮРЛЕРІ:

Мүлікті тәркілеу – қылмыстық жолмен табылған, қылмыс құралымен алынған, сондай-ақ құқық бұзушылықтың қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп алу.

Атағынан, сыныптық шенінен, дәрежесінен, сыныбынан және наградаларынан айыру – кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылады.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру – мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органында лауазым атқаруға не белгілі бір кәсіппен немесе өзге қызметпен айналысуға тиым салу (1 жылдан 10 жылға дейін мерзімге).

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды елден тысқары шығарып жіберу – адамның келуіне тыйым сала отырып, оның кетуін қадағалау(5 жылға).

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
9 + 5 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.