You are here

17-кеңес. Жалған ақпарат таратудың салдары қандай?

АҚПАРАТ ТАРАТПАС БҰРЫН –
ОНЫҢ САЛДАРЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАНЫҢЫЗ!
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНЫ ҮШІН– 10 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТҮРМЕГЕ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ!

 

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және басқа да қосымшаларда қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туғызатын, азаматтарға, ұйымдар мен мемлекетке зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті

Бұл ретте, жасаған осындай әрекеті үшін қылмыстық жауаптылық барын әркім біле бермейді.

Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген  (Қылмыстық кодекстің 274-бабы).

Өзіңіз көрінеу жалған ақпарат таратудан сақ болыңыз және туыстарыңыз бен жақындарыңызды көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертіңіз!

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама жеткізгені үшін қолданылатын жауаптылық туралы да естен шығаруға болмайды.

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама деп шындыққа жанаспайтын мәлімет ұғынылады.

Әйтеуір бір жерде бомба қойылған деп хабарлау түріндегі қалжыңның өзін құқық қорғау органдары алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс ретінде саралайтынын есте сақтаңыз  (Қылмыстық кодекстің 273-бабы).

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
8 + 1 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.