You are here

16-кеңес. Егер сіз азаптау құрбаны болсаңыз

Бұл жағдайда мынадай әрекеттер жасау қажет:

1)  прокуратура органына не ішкі істер органына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке дереу жүгіну.

Арызда егер олар белгілі болса, сізге азаптау қолданған адамның тегін, атын, лауазымын, атағын көрсетіңіз.

Үй-жай жағдайының барлық тұстарын  сипаттауға тырысыңыз, қызметкерлердің сыртқы келбетін, сондай-ақ егер бар болса, сіздің түсініктеріңізді растай алатын куәгерлерді, сіздің пікіріңізше азаптау қолданылған себептерді  және маңызы бар басқа да мәліметтерді көрсетіңіз.

Егер сіз жаза өтеп жатсаңыз – осындай шағыммен өздігінен немесе өз адвокатыңыз арқылы жүгініңіз 

2)  Дене жарақаттарын анықтау нысанына сот-медициналық сараптама жүргізілуін міндетті түрде талап етіңіз.

Сараптама тағайындаудан бас тартқан кезде, барынша ертерек өздігінен сізде бар дене жарақаттарын құжаттау бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдаңыз – кез келген медициналық мекемеге (жарақат пунктіне, науқастарды қабылдау бөлмесінежәне т.с.с.) жүгініңіз, бұл ретте медициналық қызметкерге дене жарақаттарын алу мән-жайларын хабарлаңыз.

Дене жарақаттарын суретке түсіруді ұмытпаңыз, егер күш көрсету салдарынан киімдеріңізде қаның іздері қалып қойса немесе басқадай бүлінулер болса – оларды сақтап қойыңыз.

Істің материалдарына дене жарақаттары сипатталған дәрігердің анықтамасын қоса тіркеуге өтініш білдіріңіз.

3)  Сізге жан азабын келтіру туралы мәселені анықтау үшін жалған айтуға, ойдан шығаруға және т.б. бейімділігін анықтау нысанына сізге азаптау қолданған лауазымды тұлғаларға психологиялық-психиатриялық сараптама және психологиялық-криминалистік сараптама жүргізу туралы өтініш білдіре аласыз.

4)  Егер сіз онымен келіспеген жағдайда, Сіздің өтінішіңіз бойынша кез келген қабылданған шешімге прокурорға, сотқа шағымдана аласыз.

5)  Мемлекет деңгейінде құқықтық қорғау құралдарын толық қолданғаннан кейін Сіз БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетіне жүгінуге құқылысыз.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
4 + 4 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.