You are here

13-кеңес. Істі сотқа жеткізбей қылмыстық-құқықтық дауды қалай шешуге болады?

Қылмыстық процесте дауларды балама шешуді іске асыру тәсілдерінің бірі - тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату болып табылады. 

Татуласу рәсімдерінің қатысушылары ретінде күдікті немесе айыпталушы,  жәбірленуші, заңды өкілдері, адвокат, медиатор болуы мүмкін.

Татуласудың бастамашысы ретінде әрқашан қылмыстық қудалаудан босауға ұмтылушы адам болады.

Татуласу үшін қажетті шарттар:

  • адамның қылмыстық теріс қылықты немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты жасаушы адам болуы;
  • жасалған қылмыстың адам өліміне әкеп соқпауы;
  • қылмыс (қылмыстық теріс қылық) жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы;
  • қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтыруы. 

Сондай-ақ, егер:

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық процестің кез келген сатысында (қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысын қоса алғанда) қылмыстық істі қысқарту негіздерінің жиынтығы бар болса, ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектер,адамның өліміне әкеп соғумен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш жасаған елу сегіз жастағы және одан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және одан асқан еркектерқылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Осы тетікті жәбірленушінің немесе оның заңды өкілінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, прокуратураға, сотқа өтініш беруі арқылы іске қосуға болады.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай жағдайларда мүмкін емес:

- кәмелетке толмаған адамның 14 жастан 18 жасқа дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты  жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған адамдарға қатысты,

- бір адамның не екі және одан да көп адамдардың өліміне әкеп соққан, абайсызда жасалған қылмыстар үшін,

- сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін,

- террористік, экстремистік қылмыс үшін,

- қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс үшін.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
5 + 2 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.