You are here

12-кеңес. Кінәні мойындау туралы мәмілені қашан жасауға болады?

Егер Сіз онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс жасау туралы іс бойынша күдікті, айыпталушы немесе сотталушы болып табылсаңыз, өз кінәңізді мойындасаңыз және сізге тағылған айыпқадау білдірмесеңіз – қылмыстық процесті жүргізетін органға сіздің кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқығыңыз бар (ҚПК 613-бабы). 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ. Қылмыстардың 4 санаты бар:

онша ауыр емес – жасағаны үшін ҚК-де көзделген ең жоғарғы жаза 2 жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана әрекеттер, сондай-ақ жасағаны үшін ең жоғарғы жаза 5 жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекеттер;

ауырлығы орташа- жасағаны үшін ҚК-де көзделген ең жоғарғы жаза 5 жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана әрекеттер, сондай-ақ жасағаны үшін ең жоғарғы жаза 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылатын абайсызда жасалған әрекеттер;

ауыр- жасағаны үшін ең ҚК-де көзделген ең жоғарғы жаза 12 жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана әрекеттер.

аса ауыр-жасағаны үшін ҚК-де көзделген ең жоғарғы жаза 12 жыл бас бостандығынан айыру, өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жаза қолданылатын қасақана әрекеттер.

 

Өтінішхатты қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген уақытындасот кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн мәлімдеуге болады.

Мұндай келісімді жасауға қажетті жағдайлар:

  • процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдіру;
  • сіз келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге, сіз келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпау;
  • процестік келісім жасасуға жәбірленуші келісу.

Кінәні мойындау туралы мәміле келесіге мүмкіндік береді:

  • анықтау, тергеу және сот талқылауы мерзімін қысқартуға;
  • жазалау мерзімін немесе мөлшерін қысқартуға (ең ауыр жаза түрінің ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнің жартысынан аспауы керек);
  • процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға.

Кінәні мойындау туралы мәміле жасау тәртібі:

  • қылмыстық процесті жүргізетін орган өтінішхатты алып, негіздерді ескере отырып, процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін оны үш тәулік ішінде прокурорға жібереді.
  • барлық тараптар келіскен кезде қисынды мерзімде процестік келісім жасалады, ол жазбаша түрде жазылады және оған  келісімге қатысушылар – прокурор, күдікті, айыпталушы, оның қорғаушысы қол қояды.
  • іс келісімдік іс жүргізуде қарау үшін сотқа жіберіледі.

Сіз түпкілікті шешімді сот қабылдайтындығын білуіңіз керек. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
1 + 8 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.