You are here

11-кеңес. Егер сізді жауап алуға шақырса, нені білуқажет?

Куәні, жәбірленушіні, күдіктіні тергеуші (анықтаушы) шақыру қағазымен жауап алуға шақырады.Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжатыңыз болғаны дұрыс (ҚПК 208-210 бабы).

Белгіленген мерзімде келу міндетті немесетергеушіні (анықтаушыны) келмеу себептері туралы алдын ала хабардар ету қажет.

Негізсіз себептермен келмеген жағдайда, сізді күштеп жеткізуі мүмкін не сізге өзге де процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Жауап алу, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, күндiзгi уақытта жүргiзiледi.

Жауап алу үзiлiссiз төрт сағаттан артық жүргiзiлмеуге тиiс. Жауап алуды демалу мен ас iшуге арналған кемiнде бiр сағат үзiлiстен кейiн жалғастыруға жол беріледі. Жауап алудың бiр күн iшiндегi жалпы ұзақтығы сегiз сағаттан аспауға тиiс.

Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, жауап алудың ұзақтығы дәрiгердiң жазбаша қорытындысы негiзiнде белгiленедi.

Кәмелетке толмаған адамнан жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, жалпы алғанда күніне төрт сағаттан артық жүргiзiлмейді.

Оның қажығаны анық болған жағдайда, жауап алу осындай уақыт өткенге дейін де үзілуі мүмкін

Жауап алу жауап алынатын адамға iстің өзiне белгiлi болған мән-жайларын айтуды ұсынудан басталады.

Еркiн баяндау аяқталғаннан кейiн жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылауға және толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкiн. Жетелеушi сұрақтар қоюға тыйым салынады (ескерту: жетелеуші сұрақтар сөзбе сөз немесе мазмұны бойынша белгілі бір жауапты айқын жасайтын немесе шындығында ол жоқ болса да белгілі бір заттардың барлығын белгілейтін сұрақтар).

Тергеушінің (анықтаушының) шешімі бойынша, сондай-ақ күдіктінің, айыпталушының, куәнің немесе жәбірленушінің өтінуі бойынша жауап алу кезінде дыбыс- және бейнежазба қолданылуы мүмкін.

Жауап алудың барысы мен нәтижелерi хаттамада көрсетiледi.

Жауаптар бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Сұрақтар мен олардың жауаптары жауап алу кезiндегi ретi бойынша жазылады. 

Жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттама оқып шығу үшiн жауап ұсынылады не жарияланады. Хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгiзу талабы мiндеттi түрде орындалуға жатады.

Жауаптармен танысу фактiсiн және олардың жазылуының дұрыстығы әрбiр бетiне және хаттаманың соңында қол қою арқылы куәландырылады.

Жауап алынып отырған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, тергеуші (анықтаушы) бас тарту себептерiн анықтайды, оларды хаттамаға енгiзедi және хаттаманы өзiнің қолымен куәландырады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
3 + 9 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.