You are here

10-кеңес. Жеке қабылдауға жазылу үшін не қажет?

1. Бас Прокурор сол мәселе бойынша оның орынбасары бас тарту сипатындағы жауап берген кезде, онымен арызданушы келіспеген жағдайда азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

2. Бас Прокурордың орынбасарлары сол мәселе бойынша облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор бас тарту сипатындағы жауап берген кезде, онымен арызданушы келіспеген жағдайда, сот актілеріне қадағалау наразылығын келтіру туралы өтнішхаттар бойынша, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген шағымдар бойынша азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

3. Облыс прокурорлары мен оларға теңестірлген прокурорлар сол мәселе бойынша олардың орынбасарлары бас тарту сипатындағы жауап берген кезде, онымен арызданушы келіспеген жағдайда, сондай-ақ  облыстық мемлекеттік органдар басшыларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген  шағымдар бойынша азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

4. Облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары сол мәселе бойынша аудан прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор бас тарту сипатындағы жауап берген кезде, онымен арызданушы келіспеген жағдайда, сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтініштер бойынша, сондай-ақ сол мәселе бойынша прокуратураның құрылымдық бөлімшесі басшысының жауабы бар болса, онымен арызданушы келіспеген жағдайда қабылдайды. 

5. Прокуратура басшылығына жеке қабылдауға жазуды Бас Прокурордың, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың аға көмекшілері (көмекшілері) жүзеге асырады.

6. Прокуратура органдарының басшылығына жеке қабылдауға жазылу туралы жүгіну кезінде Сізде өзіңізбен бірге сол мәселе бойынша төмен тұрған лауазымды тұлғаның арызданушы келіспейтін бас тарту сипатындағы жауабы болуы қажет.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
1 + 18 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.